Тасмағамбетов сыйлаған гитараны көзінің қарашығындай сақтап отырған келіншек кім?
2017 ж. 29 қаңтар
5048
1
Семей тұрғыны Қарлығаш Әлімбекова вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовтің 20 жыл бұрын сыйлаған гитарасын әлі күнге дейін сақтап келеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сол кезде жергілікті әртістерді құрметті қонақтардың алдында өнер көрсетуге шақырған болатын. Шақырылғандардың қатарына облыстық филармонияда жұмыс істейтін Қарлығаш Әлімбекова да болған.
Өз гитарам болмады
"Өз гитарам болмады. Сол себепті, көршімнен ескі гитарасын сұрап алдым. Онда "Ну погоди" мультфильміндегі қасқырдың суреті бейнеленген болатын. Осы гитарамен қонақ алдына бардым", - деп есіне алды Қарлығаш.
Иманғали Тасмағамбетов семейліктердің өнеріне тәнті болғаны соншалық, Қарлығаштың қолындағы гитараны алып, өзі де бірнеше ән орындады. Кейін Қарлығаштың өз гитарасы жоқ екенін біліп, жаңа гитара сыйлауға сөз берген.
Содан бері ол гитарамен талай өнер көрсеттім
"Маған Тасмағамбетовтан сәлем жолдап, гитараны табыстады. Алты ішегі бар, немістер шығарған гитара. Содан бері ол гитарамен талай өнер көрсеттім", - дейді Қарлығаш.
Ескіріп қалған екен, жаңасын сыйлау керек шығар?
Ал алты жылдан кейін полигонның жабылуына он жыл толып, жұрт тойлатуға кіріскенде, Қарлығаш пен Иманғали Тасмағамбетов тағы кездесіп қалған. Қарлығаш мерекелік жиында Иманғали сыйлаған гитарамен келіпті.
"Гитараны қолына алды да "ескіріп қалған екен, жаңасын сыйлау керек шығар" деп жымиды. Кейін Булат Окуджаваның «Виноградная косточка» әнін орындап берді. Бұл сәтті мен саясаткерді теледидардан көрген сайын есіме аламын", - дейді Әлімбекова.
Илья Миллердің материалынан аударылды.