ЕЛБАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ. ШЕТЕЛДІК БАҚ НЕ ДЕЙДІ?
2017 ж. 27 қаңтар
3875
3
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билікті тиімді бөлісу туалы үндеу жасады. Сөйтіп, Қазақстанның президенттік басқару жүйесі енді «президенттік-парламенттік» басқару формасына ауысатынын айтты. Өз құзыретінің тең жартысын Парламентке бөліп бермекке бел байлады. Төр үйден түскен тоғыз минуттық үндеу ел ішінді қызу талқыланып жатыр. Шетелдік БАҚ пен олардың саяси спикерлері де Назарбаевтың жедел жолдауын қотарып жатқан көрінеді. Abai.kz порталы солардың бірсыпырасына шолу жасап шықты.
Түркиялық «Hürriyet» басылымы «Қазақстанның басқару жүйесіндегі реформа» атты материалда: «Қазақстанның бар билігін уысында ұстап, 1989 жылдан күні бүгінге дейін үзіліссіз басқарып келген абсольютті лидер Нұрсұлтан Назарбаев парламенттік басқару жүйесінің тиімді екенін айтты» деп жазады (Kazakistan’da tüm yönetimi elinde bulunduran, ülkeyi 1989 yılından günümüze aralıksız mutlak lider olarak yöneten Nursultan Nazarbayev, parlamenter sisteme daha yakın bir yapıya geçiş zamanı geldiğini söyledi).
Ал «CNN-нің түрік қызметі де» Қазақстан Президентінің жолдауы туралы «Қазақстан президенттіктен бас тартып, парламенттік басқаруға көшпек» деді.
Түркиялық «Diken» порталы біздің елдің басқару жүйесіндегі реформа туралы «Қазақстанның 26 жылдан бергі басшысы өз құзыретін бөлісетін болды» депті.
Тағы бір түрік сайты «odatv.com» саяси өзгерістер туралы «Ол жақта президенттік жүйе түгесілді» дегенді меңзепті.
Айта кетейік, жақында Түркия парламенті елдегі басқару жүйесін керісінше президенттік формаға көшіру туралы заңды мақұлдаған болатын. Бұл Режеп Тайып Ердоғанның басшылығындағы «АК партияның» бастамасымен (Ердоғанның өзінің бастамасы) жүзеге асырылғаны белгілі. Сондықтан болар, аталған басылымдарға көз тіккен түрік жұрты Назарбаевтың бастамасына оң көзқарас тынытыпты.
Ал Қазақстанмен қос бірдей одақта ортақ қазанның басында отырған орыс басылымдары Елбасының бұл жолғы жолдауына одырая қалыпты.
Ресейлік «Регионы России» агенттігі «Назарбаев толық парламенттік демократияға дейін, ел саясатын босата бастады» деп жазған.
«Aif.ru» порталына пікір білдірген ресейлік саясаттанушы Григорий Трофимчук, «Н.Назарбаевтың жолдауы – парламенттік республикаға көшеді деген сөз емес» дейді. (Григорий Трофимчук: По словам самого президента Казахстана, вопрос перераспределения полномочий между ветвями власти — принципиальный. Это действительно так. Но я бы не называл предложение Назарбаева (усилить функции парламента и правительства, — ред.) уклоном в сторону парламентской республики. Здесь несколько другой расклад, и мы должны его правильно понять и максимально точно квалифицировать эти высказывания).
Ресейлік саясаттанушы: «Біздің еуразиялық менталитетіміз қандай конституция болмасын немесе билікті бөлісу туралы келісімдер болмасын - барлығына Президент жауапты деп түсінеміз. Назарбаев тәжірбиелі саясаткер ретінде бірінші кезекте Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайын есепке алса керек. Бұл жерде де тәуекел көп. Жан-жақты қарым-қатынастағы одақтас Ресей Қазақстандағы болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарап отыра алайды»,-деп түйіндейді (Мы во многих отношениях союзные государства, России небезразлично то, что происходит в Казахстане. Однако думаю, что обсуждаемая тема не повлияет на наши отношения и общую стратегию совместного развития).
«Business-gazeta.ru» сайтында «Назарбаевтың жарты билігі: «Патша мен байбатша» ойыны ма, әлде билік транзиті ме?» атты көлемді мақала жарық көрді.
«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның саяси элитасын тазалап болып, жұртқа билікті бөліп беретінін айтты» деп жазады. Сөйтіп Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын талдай келе, өткен жылдан бері тұтқындалған ақ жағалыларды тізбектепті. Өзінің биліктегі пәрменін Үкімет пен Парламентке тапсыратын Нұрсұлтан Әбішұлы елдің «жоғарғы арбитры» болмақ па? «Business-gazeta.ru» сайты «соңғы тұтқындалуларға қарағанда, Назарбаев өз елінде «Дэн Сяопин» болмақ емес» деп жазады.
Сондай-ақ, сайт шолушылары Қазақстан Президентінің егде жасқа келгендігін ескеріп, Назарбаев мырза пост-кеңестік елдер ішінде ең ұзақ мерзімде ел басқарған Президент ретінде Гиннестің рекордттар кітабына енуге болатынын, алайда бұл дәуірдің де аяқталатынын айтады (Этот факт известен всем, так же как и то, что эпоха Назарбаева, претендующая на то, чтобы войти в Книгу рекордов Гиннесса (раздел «Политические долгожители» на постсоветском пространстве), когда-нибудь закончится).
Ал аталған сайтқа сұхбат берген ресейлік саясаткер Андрей Грозин, «Ол денсаулығының жеткеніне дейін Қазақстанды басқарады» дейді.
«Қазақстан суперпрезиденттік басқарудан, президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшеді. Бұл билік транзиті ме дегенге келсек, жоқ. Ол денсаулығының жеткеніне дейін Қазақстанды басқарады. Қазақстанда соңғы жылдары мұрагер мәселесіне бас қатырып жатқандар көп. Бұның бәріне Президент Н. Назарбаев осы жолы нүкте қойды»,-дейді саясаткер.
Әзірге ресейлік саясаткерлердің талқысының тақырыбы – «Назарбаевтың жолдауы әм билік транзиті» дегенге саяды.
Шолуды Нұргелді Әбдіғаниұлы жасады
qazaquni.kz