Назарбаев Шаханда болған оқиғаның мән-жайын анықтап, көмек көрсетуді тапсырды
2017 ж. 02 қаңтар
2384
1
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шахан кентінде болған жағдайға байланысты көңіл айтты деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап NUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлауы адам шығынына әкеп соқтырғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Қазақстан Президенті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Елбасы Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетсек, 1 қаңтар күні Қарағанды облысында көпқабатты үйдің бір бөлігі құлап түсті. ІІМ ТЖК алдымен екі адам қаза тапты деп мәлімдеп, кейін қайтыс болғандар саны тоғызға жеткенін хабарлады. Сондай-ақ, апаттан әзірге екі адам аман қалған.