Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын басталды, деп хабарлайды Baq.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
2016 ж. 15 желтоқсан
1986
0
«Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі –Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Біз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігімізді жер жүзіне жариялап, күллі әлемге паш еттік. Алдымен көне түріктің бөрлі байрағының мұрагері Көк туымызды БҰҰ-ның төрінде желбіреттік. Әнұранымызды әлем төрінде қалықтатып, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық. Төл теңгемізді енгізіп, Ата-заңымызды қабылдадық. Шекарамызды шегендеттік. Мемлекеттік тілімізді әлемнің ең биік мінбесінен сөйлеткіздік», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы 1500 жыл бұрын «Күлтегінде» жазылған «Мәңгілік ел» ұғымын жалпы ұлттық идеяға айналдырып, еліміздің 15 ғасырлық тамырына нәр бергенін атап өтті.
«Бүгінгі ана тілімізді түлетіп, ата дінімізді ұлықтаған айшықты елміз. Тағылымы тарихты түгендеген жоралғы жұртпыз. Барша қазақты біріктіктірген бәтуәлі ұлтпыз», – деп түйіндеді Елбасы.