Астанада өтіп жатқан саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың xалықаралық форумында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz басылымы.
"ОРАЛМАН" СӨЗІН "АҒАЙЫН" ДЕП ӨЗГЕРТУ ҰСЫНЫЛДЫ
2016 ж. 21 қазан
3307
9
«Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде сырттан қаншама қандасымыз келді. Ол бауырларымызды оралман деп айтып жүрміз. Меніңше, оралман дегеннен гөрі ағайын деп айтқанымыз дұрыс болады. Сондықтан, осындай ұсыныс жасағым келіп тұр» , - деді Бағлан Майлыбаев.