Арабтар өз тілін қалай сақтап қалды?
2016 ж. 16 қазан
4840
4
Алжирде шамасы 40 миллион жан саны бар. Арабтар бірнеше этникалық топпен аралас тұрады: араб тілділер, берберлер мен күрділер, тағы басқалар.
Африкалық араб мемлекеттері 130 жылдай Францияның отары болды. 130 жыл отаршылдықта болған халық сан рет көтерілістерге шықты. Соңғы кезеңдегі 12 жылдық революция 1962 жылы егемендіктің орнауымен аяқталды.
Егемендіктің алғашқы жылдары француз тілі Алжирде басым коммуникациялық құрал ретінде қызмет атқарды. Алжирлік мектептер француз тілінде болды. Алжирдің басқару бюрократиясы французшаға ғана жүйрік болды. Ақпарат құралдары французша бола тұрып, қарапайым халық өз тілінде сөйлеп, өзара арабша хат жазысты. Жергілікті тілдер арасында араб тілімен қатар берберлер тілі кең пайдаланды. Француз тілінің өктемділігі отаршылдық саясаттың салдарының нәтижесі. Француз отаршылдығы қалың бұқараны сауатсыз қылды. 1962 жылы халықтың 90% сауатсыз болды.
Алжир егемендігі лингвистикалық ұлтшылдық сезімін оятты. Бұл саясат арабтандыру саясатына әкелді. Арабтандыру саясатын алжирлік элита бастады. Сол тұста әр араб өз араб диалектерінде сөйледі. Бұл саясат араб елдеріндегі этникалық азшылықтарды, мәселен, бербер мен күрділерді арабқа сіңіруді мақсат етті.
Арабтандыру саясаты - араб тілін таратуды көздеді. Сонымен бірге, мектептер, әкімшілік ісі, коммуникациялық құралдар, баспасөз қолға алынды. Ал француз тілі тек – шет тілі функциясын атқаратын болу керек еді. Әрине, жас Алжир мемлекеті лингвистикалық арабтандыру саясатын жүзеге асыруда көп қиындықтарға тап болды. Араб қоғамы бірауыздан бұл саясатты қабылдаған жоқ. Біреулері француз тілін қолдады. Олар француз тілінің кең мүмкүндігін айта келе – ғылым, білім, әкімшілік ісін француз тілінде қалдыруды қолдады. Тағы біреулері жергілікті ұлттық азшылық тілін қолдауды ұсынды - бербер тілін қолдадады. Тіпті араб тілін жақтауды олар мәдени дамудың қылмыстық бағыты деп, этностар арасында алауыздыққа әкеледі деген уәж айтты. Бірақ арабтандыру саясаты ресми бағыттан таймады.
1971 жылы Алжирдің Президенті Хуари Бумидьен: "Арабизация саясаты біздің маңызды саяси бағытымыз, біздің революциямыздың жеңісінің жемісі", - деді.
Бұл саясат екі кезеңге бөлінді:
Бірінші кезең - ішінара арабизация. Алдымен, білім саласына - мектеп жүйесіне араб тілін еңгізу.
Екінші кезеңде әкімшілік жүйеге еңгізу және жоғары оқу орындарда – университет жүйесін арабтандыру негізгі мақсат деп табылды.
Арабтандыру саясаты сәтті аяқталды. Бұл іс араб ұлтының қалыптасуына септігін тигізді. 2001 жылдан бастап бербер тілінің статусы көтерілді. Бұл тілді берберлер шоғырланған өлкелер ғана пайдаланады.
Әзімбай Ғали,
qazaquni.kz