Қызыл режим кезінде қазақтың 20 млн жер-су аттары орысшаланып кеткен
2016 ж. 05 қазан
5805
5
"Тәуелсіздік алғаннан кейін тоқсаныншы жылдардың басында Тіл комитетін басқардым. Көптеген басқа мәселелермен бірге жер-су аттарын қазақыландыру мәселесі көтерілді. Осыны шешу мақсатында арнайы құжаттарды тексеру барысында қызыл режим кезінде 20 000 000 қазақша атауы бар жер-су аттарының орысша аталып кеткені анықталды", - дейді Сұлтан Оразалин ағамыз.
20 000 000!!! Ойлап көріңіздерші!!! Әуелі қолдан аштық ұйымдастырып, қуғындап, осылайша қазақтың үштен екісін қырып салып, содан кейін қазақтың кең даланың иесі болғандығын айғақтайтын жер-су аттарын орыстандыруды белсенді жүргізген. Оған қазақтан шыққан шолақ белсенділердің де қосқан "үлесі" бар. Маған қызыл режимнің сасық сарқыншағы іспетті орысша атауларды қазақшаға ауыстыруға қарсы шыққандар шолақбелсенділердің қисық көшірмелеріндей көрінеді.
Мирас Құсайын,