Мемлекет басшысы: Қазақстанда лаңкестікке қарсы 7 заң әзірленеді
2016 ж. 01 қыркүйек
2158
4
Қазақстанда лаңкестікке қарсы 7 заң әзірленеді. 1 қыркүйек күні парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Осы ретте мемлекет басшысы депутаттардың назарын лаңкестікке қарсы заңды түрде құқық қорғау шараларын қабылдау қажеттігіне аударды.
«Менің тапсырмаммен экстремизмге, лаңкестікке қарсы тұру, қарсы барлау қызметі, дактиоскопиялық және геномдық тіркеу, елдің ақпаратық қауіпсіздігін нығайтуды мақұлдау мәселелері бойынша 7 заң жобасы әзірленіп, мәжіліске енгізіледі. Біз бұл заңдарды әзірлейміз және еліміздің қауіпсіздігі үшін қабылдауға депутаттарға ұсынамыз», - деді президент.
Назарбаев адамдар тыныш жұмыс істеуі үшін және қоғамдағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтау ең маңызды жайт екендігін баса айтты.
«Депутаттардан бұл ұсыныстарға байыппен қарауды және бұл мәселелерді жыл соңына дейін шешуді өтінемін», - деді мемлекет басшысы.