ҰҚК төрағасы: Алматы облысында теракт жасауды жоспарлағандар - салафиттер
2016 ж. 29 тамыз
1923
2
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақанов Алматы облысында теракт жасауды жоспарлады деген күдікпен ұсталғандардың "салафиттік топтың өкілдері" екенін мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық Радиосы.
22 тамыз күні ҰҚК 18 тамызда Алматы облысында жүргізілген арнайы операцияда "теракт жасауды жоспарлады" деген күдікпен төрт адам ұсталғанын, олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстан азаматы барын хабарлаған болатын.
Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, радикалдық топтың сезікті мүшелерін ұстау операциясы Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында өткен. ҰҚК күдіктілер тұрып жатқан жерден "жарылғыш құрылғы жасауға арналған заттар" табылып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.