Әділбек Ниязымбетов: Ел үмітін ақтай алмағаным өкінішті
2016 ж. 19 тамыз
2642
2
Рио Олимпиадасының бокстан 81 келідегі күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов жекпе-жек аяқталған соң шағын сұхбат берді.
Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
- Әділбек, сен қатарынан екі рет Олимпида жүлдегері атанып отырсың. Мұның өзі - үлкен жетістік.
- Барлығы бір Алланың қалауымен болды. Жанкүйерлерім мен бапкерлерімнің үмітін ақтай алмағаныма көңілім құлазып отыр. Дәл қазір Лондон Олимпиадасындағы жеңілісімнен кейінгі күйді басымнан кешіріп отырмын. Енді ондай сәт қайталанбайтындай болып еді. Алайда, амал қанша? Өмір осымен тоқтап қалмайды.
- Мырзағали Айтжанов өз сұхбатында сенің финалдық бәсекеде мықты болғаныңды атап өтті. Келісесің бе?
- Жеңілдім деп те айта алмаймын. Бапкерімнің айтқандарын орындап, жекпе-жекке бар күшімді салдым.
- Алғашқы екі раундтан соң сен ұпай саны бойынша артта қалып келе жатқаныңды білдің бе?
- Жоқ, мен екі раунд бойынша есеп 1:1 деп ойладым. Ал үшінші раунд шешуші болатын шығар деген ем...
- Бұл сенің соңғы Олимпиадаң ба?
- Оның кейін бапкеріммен ақылдасып шешетін боламыз.
- Жекпе-жек алдында қатты қобалжыдың ба?
- Мен қарсыласымның мүмкіндіктерін білдім, оны жеңе алам деп ойладым. Еліме маған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Біздің спортшылар еліміздің байрағын әлемдік аренада желбірете берсін деп тілеймін. Олимпидада біздің құрамадан тек қалды. Оған жартылай финалдан финалға өтуін тілеймін.
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов финалда кубалық боксшы Хулио Сесар ла Крусқа жол беріп, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Осылайша қазақ боксшысы екі дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бұл Олимпиада тарихындағы қатарынан екі рет финалға шыққан екінші боксшымыз. Осыған дейін Болат Жұмаділов екі бірдей Олимпиаданың финалына шығып, екі мәрте күміс жүлдегер атанған болатын.