Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды (фото)
2016 ж. 18 тамыз
2541
0
69 келіде ел намысын абыроймен қорғаған Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды деп хабарлайды NUR.KZ.
Финалда Данияр өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты таза жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы бокстан Риодағы алғашқы алтынын алды.


Әйтсе де, қазақ халқы үшін өте маңызды кездесуде Данияр Елеусінов бар күшін салып, алтын жүлде жеңіп алды. Данияр Қазақстан құрамасына Олимпиададағы үшінші алтынды әкелді. Осыған дейін ауыр атлет Нижат Рахымов пен жүзуші Дмитрий Баландин чемпион атанған болатын.

