Левитті әділетсіз жеңген Тищенко Путиннің оққағары болып шықты
2016 ж. 17 тамыз
2485
1
Рио олимпиадасында алтын медаль иеленген боксшы Евгений Тищенко Ресей президенті күзетінің қызметкері болып шықты. Ол аталмыш жарысқа Федералды күзет қызметі атынан қатысқан, - деп хабарлайды qazaquni.kz "Дни.ру" сайтына сілтеме жасай отырып.
[caption id="" align="alignnone" width="800"] Фото: today.kz[/caption]Федералды күзет қызметінің хабарлауынша, Тищенконың спорттық дамуымен тікелей Ішкі істер департаменті айналысқан. Кейіннен ол әскер қатарына шақыртылып, артыншы президент күзетіне жұмысқа қабылданған.
Еске сала кетейік, Тищенконың жеңісін Қазақстан жанкүйерлері ғана емес, күллі әлемнің бокс сүйер көрермендері де әділетсіз деп санауда.