Қонаев пен атышулы Сары Алмаздың әңгімесі
2016 ж. 11 тамыз
27015
3
«Рыжий Алмаз» Қазақ Советтік Социалистік Республикасын ұзақ жылдар басқарған, ірі мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаевпен атамыздың өмірінің соңғы жылдарында кездескен. Бұл туралы Несіпбай Нәсеновтің досының (авторын белгілі бір себептермен айта алмаймыз) естелігінде тәптіштеп жазылған.
«– Димаш Ахметұлы, міне сізге жұрт айтып жүретін «Рыжий Алмазды» әкелдім, танысып қойыңыз, – деп Ю. Кошкин жаңа танысын таныстырды.
– Амансың ба, ұлым? – деп Димаш Ахметұлы қолын созды. – Естуімше, сен Семейден екенсің, солай ма? Ал неге сені «Рыжий Алмаз» деп айтады? Сенің атың Несіпбай емес пе?
– Сәлеметсіз бе, Аға, – деді Алмаз, – иә, мен шығыстанмын, тегім Нәсенов, атым Несіпбай. Жігіттерімді Нұрқаділовтың жиенінің жігіттерімен шатастырып алмас үшін мені «Рыжий Алмаз», оны «Черный Алмаз» деп атайды.
Димаш Ахметұлы Алмазға үңіліп бір қарап алды да, танысуға қолын ұсынды. – Иә, қазір жастар бүгінде қоғамда керексіз болып қалды, егерде оларды қадағалап отырмасаң, өз жолындағының барлығын жайпап өтер үлкен тасқын, сел сияқты алып күш емес пе? Анау 86-ның Желтоқсанында бүкіл Совет Одағының алып күші болмаса немен аяқталар еді. Мендей қарт адамды ұмытпай келгеніңе рахмет, келіп, ақыл-кеңес алып тұр. Юра (Юрий Кошкин – ред.), мен де саған айттым емес пе, сенің алып келген адамдарыңның барлығына сенемін деп. Шынымды айтсам, қазіргі жастармен әңгімелескеніме қуанамын. Сен мынаған жауап берші, қазір жастармен жұмыс істейтін ешқандай ұйым қалмаған ба? Комсомолдар қайда? Қазақстан жастарының одағы қайда? – деп ол Алмазға қарады.
– Жастар одағы бар, Аға, бірақ онда жастардың болашағына немқұрайлы қарайтын адамдар отыр. Олар өздері бірнеше делдалдық фирма ашып алған. Өз қара бастарының қамдарын ғана ойлайды. Ал жастар, әсіресе кішкентай қалашық, ауылдарда тұратын жастардың болашағына бас қатырмайды да. Міне, мен соларға көмектесуге тырысам, тым құрығанда спортшыларға, қазір спорттың өзімен де ешкімнің жұмысы жоқ, бәріне ақша араласып кетті ғой.
– Иә, ұлым, сен дұрыс айтасың, қазір тек спортқа ғана емес, жастардың рухани дамуына, тәрбиесіне де дұрыс көңіл бөлінбейді. Егер шын жанашырлық танытып жүрсең, рахмет саған, Совет одағы қирағаннан кейін елімізде қалыптасқан қиын жағдайда тым құрыса бір бос қалған кеңістікті толтырып жатқаныңа. Юра, саған да рахмет, маған Қазақстан жастарының көшбасшысын әкеліп таныстырғаныңа!»