«ҚАЗАҚ ҮНІ» қарсылықтарға қарамай ҚАЗАҚ ҮНІ БОЛА БЕРЕДІ
2016 ж. 18 шілде
3001
2
“Қазақ үні” порталы серверіне жасалған шабуыл тойтарылып, сайт қайтадан біріші орынға шықты

Қазір “Қазақ үні” ұлттық порталы серверлік шабуылдардың бетін қайтарды. Қазақтың үні бола біліп, ұлттың мұңы мен жырын жырлап, ұлттық мүддені қайсарлықпен қорғап келе жатқан ұлттық портал қазақтілді сайттар ішінде қайтадан маңдайы жарқырап, бәрінен оқ бойы озып шықты. Sanaq.kz сайттар рейтингі бойынша да, тіпті 5549 сайт тіркелген Goto.kz рейтингі бойынша тек қазақтілді емес, орыстілділерді қосқанда да, жалпы БАҚ аталымы бойынша бірінші орында тұрмыз. Бірнеше тілдегі 7 мыңға жуық сайт тіркелген Zero.kz каталогы бойынша қазақтілді ақпарат сайттарының ішінде бірінші орында тұр. Бұрыннан келе жатқан Top.kaz.kz, liveinternet.ru рейтингтері бойынша да алдыңғы қатарда келеміз.
Халықтың ойын айтып, сөзін сөйлеген сайтты халық та, іздеп, оқып жатыр. Арман-мұңын жазып жатыр. Бүгінгі күннің саңлақ сайты болып отырған Qazaquni.kz ұлттық порталына бұдан артық қолдау жоқ!
«Қазақ үні» Қазақтың үні бола береді!
Qazaquni.kz