Қазақстандық ауыр атлеттердің қанын тексерген зертхана жалған ақпарат беріпті
2016 ж. 14 шілде
6875
12
Рио-де-Жанейродағы антидопингтік зертхана тестінің нәтижелерін қате көрсеткен. Осыған орай, оның жұмысы 6 айға дейін тоқтатылды делінеді. Алайда аталған зертхана өз жұмысын алдағы шілде айында жандандыруға үмітті.
Бұл туралы Рейтер агенттігіне сілтеме жасап, Р-спорт хабарлайды.
Дисквалификация маусымның 22-сі күні заңды күшіне еніп, зертхана лайықты ескерту алған. Бұл шешіммен келіспесе, олар 21 күн ішінде үкімнің үстінен шағым түсіре алады.
Рейтер агенттігі Рио-де-Жанейродағы антидопингтік зертхана тесттердің нәтижесін өтірік көрсеткен деген фактіні нақтылайды.
Енді қан мен зәрдің барлығы Бразилиядан Швейцарияға жөнелтіледі. Дәл осындай жағдай 2014 жылы футболдан Бразилия чемпионатында болған-ды.
Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтпек.
Демек, Рио Олимпиадасынан шететтілген ауыр атлеттеріміздің жолы ашылуы мүмкін. Әзірге, бұған қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ.