Үш тұғырлы тіл бағдарламасы өшіп бара жатқан орыс тіліне жан бітіру үшін ойлап табылған - Әзімбай Ғали
2016 ж. 30 маусым
3318
12
Казахам говорить между собой на казахском, тратить деньги и внимание на казахские медиа-продукты и не тратить деньги и внимание на русскоязычные.
Бұл үрдіс өз-өзімен жүріп келе жатыр. Орыс қазір 20%. Әңгімелесуге Алматының өзінде орыс таба алмайсың. Мен орыс мектебін бітірсем де орысшам таусылып барады. Орысша мақалаларыма сұраныс азайып келеді. Ал қазақша контент өсіп келеді.
Үш тұғырлы тіл бағдарламасы сол өшіп бара жатқан орыс тіліне жан бітіру деп есептеңіз. Орыстанған қазақ қазақтанып келеді. Мен Сарқан ауданынанмын, бұрынғы Сарқан орыстанған аудан еді. Қазір толық қазақы аудан. Тұрғындарының біразы қытай қазақтары, оларда орысша мүлде жоқ.
Ендігі кезекте Талдықорған мен Алматы. Менің туысқандарым Талдықорған Алматы мен Астанаға көшкен. Енді «Хабарды» толық қазақшаласа Ресей теледидарын жапты дей бер. Бара келе өз өзіне жеткілікті халқымыз, орыстың руханиятына, тіліне, дініне таңмен қарайтын болады, Ал орыстың көптеп салынып жатқан шіркеулері қазақтар сатып алып, мешітке айналдырады.
qazaquni.kz