ЭКСПО-ның арқасында «Балам тамақтан, анам көмектен айырылды»
2016 ж. 28 маусым
3614
5
Саясаттанушы Мақсат Жақау facebook-тегі парақшасында бөліскен мына бір пікірі әрі өткір, әрі өзекті екен.
Бастауышта екі қызым оқиды, былтырға дейін мемлекеттік міндетті тамақтандыру бойынша тамақтанып келді. Ал енді міне, күніне 300 теңге деген бағаны қойып баланың тамағына берсең де бересің, бермесең де бересің деп сынып жетекшілері қылқылдап жатыр.
Балаң үшін неңді аяйсың, бересің…
Бүгін бюджет жағын бір қысқартушы қаржыгермен пікірлесіп қалғанымда,
«қазір жер- жерде қысқартулар жасап жатырмыз, максимально адамды да қысқартудамыз, жоспарланған қаржыны да қысқартып жатырмыз» деп, қысқартудан шаршап отыр.
«Не үшін?» дегенге «бәрі — ЭКСПО үшін! Жетпей жатыр, «ЭКСПО» деген бір әулие шықты ғой, үнемдеу соның салдарынан» деді?!
Дұрыс қой, бірақ әлеуметтік салада Елбасы бірде-бір қысқартулар қайта қосылмаса болмайды демеп па еді?!
Айтпақшы, бала күтіміне байланысты демалысқа шыққандардың әлеуметтік жәрдемақыларына да Үкіметтің күні түсіп жатқанын тағы айтты.
Сонда ЭКСПО-ның арқасында буыны қатаймақ түгілі, туылмаған ұрпақтың көсегесі көгермесе, тиісті мемлекеттік қолдауын ала алмаса, біздікі не жорық?
Рас, Халықаралық жоба ретінде, елімізге инвесторлар, жаңа технологиялар жүйесі тартылады дегенге қарсы емеспін. Бірақ, өзінде 5 рет Экспо көрмесін жасаған Бельгияда ешқандай бюджетті қысқартпай, қайта мемлекеттік мейрамдар мен атаулы тойларды азайтып-ақ, ішкі бюджетімен жасап шықты.
Баланың тамағына, ананың жағдайына қол сұқпады ғой.
Рахмет, саған ЭКСПО! Гүлденсе ЭКСПО, гүлденеміз бәріміз!
Дерек көзі: 365info.kz