Кәрім Қажымұханұлы бастаған "нәскифлешмобы" жалғасып жатыр (фото)
2016 ж. 28 маусым
2077
1
Instagram және Facebook қолданушылары түрлі шұлықтар киген фотосын «мәсімовтіңшұлықтары», «шұлықтарғабостандық», «қалаймәсімов» және «менмәсімов» хэштегтерімен жария етуде.
Бұл туралы mail.ru сайты хабарлайды.
«Бүгінде Астананың үздік үйлерінде шұлықты осылай киеді деседі. Түрлі шұлықтық флешмобты қолдайық!» — деп жазған Nurul Rakhimbek есімді қолданушы.
«Флешмобқа алғаш рет қатысып отырмын», — деп жазған Ержан Емелев.
«Енді дұрыс болды. Ақсүйектер арасында жүруге болады», — деп жазған Kirr Lavroff өз фотосының астына.
«Шұлық флешмобы» билік өкілдерінің қатысуымен өткен «Астана-Дуатлон-2016» жарысында Мәсімовтің түрлі шұлықпен келуінен кейін басталып кеткен.
Жаңа сән үлгісін қызу талқыға алған жұртшылық Мәсімовтен қалыспай, түрлі шұлық киіп көруде.
Дерек көзі: mail.ru