Қазақтың Тілін білмеген адам ~ қазақтың жанын түсіне ала ма?
2016 ж. 22 маусым
2842
2
Қырымбек Көшербаев, Иманғали Тасмағамбетов, Бердібек Сапарбаев секілді арыстандарды дәл қазір Президент әкімшілігіне жетекшілікке қою ~ Ол және оның айналасындағылар үшін тиімсіз... Экономика шатқаяқтап тұр, әлеуметтік наразылық күн санап үдеп барады, елдегі діни аxуал да аса мәз емес... Әдетте "дағдарыстан құтқарушы" деп әспеттеп келген кризис~менеджер Мәсімов Үкіметі де ел экономикасын сауықтыруда іс жүзінде қауқарсыздық танытып тұр... Билік басындағылардың "тағдыры" ұстараның жүзінде тұрған мұндай күрделі кезеңде xалық қолдап әкететін тұлғаларды бас идеолог ету ~ отбасы~ошақ қасындағылар үшін қауіпті әрі сенімсіз... "Нар тәуекелге" салып, кеңдік танытуға оның жасы келмейді... Барлық факторды ескеріп~есепке алған ОЛАР елдегі ушыққан саяси және әлеуметтік жағдаяттарды ретке келтіретін мықты саяси ойыншыдан гөрі, "тонның ішкі бауындай" әбден сіңісіп кеткен сенімді серікті құп көрді...
Жақсыбековтың қазаққа өтіп кеткен пәлендей жақсылығын байқағамыз жоқ. Жақсылығы өтуі үшін ол ~ ең алдымен ана тілін игеріп алуы тиіс еді... Ол осымен екінші рет Президент Әкімшілігіне жетекшілік етуге "тілсіз" келіп отыр... Ана тілін білмейтін адам ~ бүгінгі "күйіп" тұрған қазақ қоғамының проблемасын жеткілікті деңгейде шеше ала ма? Қазақтың Тілін білмеген адам ~ қазақтың жанын түсіне ала ма? Елдегі діни аxуалды реттеп тастауға саяси~ерік жігері, білім~қарымы жете ме? Саяси ойындарды шебер әрі жетік жүргізуге қауқарлы ма? Анау~мынау қитұрқы ойын мен түлкі~бұлаң саясатқа көне бермейтін асау мінез Батыс өңірін басуға немесе жер дауын шешуге қабілетті ме? Ақордада соңғы 7~8 жылда жайланып алғанмен, бір бүйрегі Ресейге бұратын "май~шелпектерден" арыла ала ма? Әлде алдыңғылардай дәрменсіздік таныта ма? Қазіргі жағдайды осыдан он жыл бұрынғы ПӘ басқарған кезеңмен салыстыруға келмес... Оның саяси қайраткерлігі сыналатын кезең де осы тұс... Егер қоғамда "тізесі шыққан" осы мәселелерді тас~түйін етсе, нағыз "Афалина секірісін" сонда көрер едік... Бірақ.... Өмір ~ xэппи~эндпен аяқтала қоятын кино емес қой...