Тіркеу заңнамасына өзгерістер еңгізілмек
2016 ж. 19 маусым
4385
3
Астана пәтерлерінде 15 шаршы метрге 1 адамның ғана ресми тіркелуіне рұқсат етілмек. Бас шаһардың миграциялық ісіне жауаптылар тіркеу заңнамасына осындай өзгерту енгізгелі отыр.
Еске салсақ, апта басында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тіркеуге тұру ісінің тым бейберекет кеткенін және елде «резеңке пәтердердің» қаптағанын айтқан еді. Тіпті бас полицей дерегінше, бір үйге 200-300 адамнан тіркелгендер де болыпты.
Сондықтан енді пәтеріне көп адам тіркегендерге де жаза қатайтылуы мүмкін. Бүгінде Астанада ресми 857 480 адам тіркеуде тұр. Қазір 15 шаршы метрге 1 адамды тіркеу талабы Алматыда ғана бар.
"Бір адам басына мөлшері 15 шаршы метр. Құқығы бар тұруға. Біз әкімшілікке ұсыныс бердік, қазір ол қарауда. Шешімі шығуы керек жақын арады. Ең көбі бір пәтерде 140 адам тіркелген болған", - дейді Еркін Шомбинов.
Дерек көзі: Астана арнасына