Бұл туралы Оңды ауылының тұрғыны Жәнібек Қожық өзінің Facebook парақшасында баяндады деп жазады
Азаттық.
Суреттерімен бірге жарияланған хабарламада ауыл ақсақалдарының "үкіметке жер сатуға наразылық білдірген үндеу жолдағандары" жазылған.
Үндеуде жер туралы заңды қайта қарау, жерді шетелдіктерге жалға да бермеу, сатпау, Қазақстан азаматтарына жалға берілетін жер көлемін белгілеу туралы талаптар қойылған.
Қазақстандағы жерге қатысты халықтың алаңдаушылығы наурыздың соңындағы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 1 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы жерлерінің аукцион арқылы сатылатыны туралы мәлімдемесінен соң бел алған. Осыған байланысты 25 сәуірде Атырау қаласында өткен рұқсат етілмеген митингіге мыңдаған адам қатысып, жердің сатылуына қарсылық білдірген.