ҚАЗАҚ ЖЕРІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛМАУЫ КЕРЕК!
2016 ж. 11 сәуір
11740
19
№ 1/627 «10» сәуір 2016 ж.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа
Көшірмесі: ҚР Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовке
ҚР Сенатының спикері Қ.К.Тоқаевқа
ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері
Б.С. Ізмұхамедовке
Барлық деңгейдегі әкімдерге, Министрлерге,
Агенттіктерге, Ұлттық компанияларға,
Құқық қорғау құрылымдарына,
Сенат және маслихат депутаттарына,
БАҚ, Қазақстан азаматтарына!
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Өзіңізге мәлім, «Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы, Халықаралық Адам институты (Институт), қаржыгерлер, тәуелсіз кісіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Ұйымдастыру алқасы Мемлекеттік емес ұйым ретінде елімізде адам капиталы мен мәдениетті дамыту, жаңаиндустриалды қоғамға өту бағдарламаларын іске асыруда. 1992 жылы БҰҰ Қазақстанды өзіне мүшелікке қабылдағанда, оған «авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет» деп анықтама берген. Ұлттық мемлекеттің негізгі байлығы оның ұлты яғни адамдары және жері мен жерасты байлығы. Жерасты байлығының 70%-дан астамы шетелдік компаниялардың басқаруына 25-65 жылға берілгендіктен шет тілдерін меңгерген білімді мамандардың негізгі бөлігі елге емес, сол ТҰК қызмет етуде. Қазақстанды иесіз жер деп түсінген Қытайдың СНПС ұлттық компаниясы жұмысқа алатындардың міндетті түрде қытай тілін білуі керектігі туралы ел Конституциясына кереғар бұйрық шығарды. Ал, бұл елдің екінші ұлттық компаниясы Синопек білімді инженер Қазақстан азаматына жалақыны басқа инженерлерден бірнеше есе кем төлеп, ол өз құқығын қорғаймын деп сотқа жүгінгенде, сот Қазақстан азаматының құқығын жерге таптап, Конституцияға қарсы шешім шығарды. Жоғарыдағы компаниялардың осындай келеңсіз тірліктерін қоғамда Қазақстанға жұмысқа уақытша келген емес, елді отарлауға келгендердің тірліктері деп қабылдауда. Қытайда тату-тәтті тұрып жатқан екі миллиондай қазақтың барлығы қазақ және қытай тілдерін жақсы біледі. Қытай тілін білетіндер қажет болса, соларды неге шақыртпасқа. Президенттің қаулысы бойынша елдегі шетел компанияларында істейтін қазақстандықтардың (шеттегі қазақтар да сонда) үлесі осыдан 8 жыл бұрын 70% болуы керек еді. Сол Қаулы мен заңдар орындалмауда? Бұл компаниялар Қазақстан мен Қытай арасындағы достық, стратегиялық серіктестік пен екі ел арасындағы ширек ғасыр бойы қалыптасқан татуластыққа сызат салып, екі елді аластатуда. Ел мен оның азаматтарының мүдделеріне кереғар жоғарыдағы істе елдегі атқарушы, құқық және сот органдары өз үлестерін қосуда. Ел тәуелсіздігіне қауіп төндіретін және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында біз СНПС және Синопек компанияларын Қазақстан заңдарына қайшы жұмыс істегені үшін олар жұмыс істейтін елдердің барлығының елбасшыларына бұл компаниялармен жұмыс істеуге болмайтынын ескертіп, оларға халықаралық санкция жариялайтынымызды ескертеміз. Сонымен қатар, олар Қазақстанмен арадағы контрактіні бұзатын болса, сол келісімшарттарды мерзімінен бұрын қысқартуға жұмыстанатынымызды ескертіп, бұл компаниялардан сәуір айының аяғына дейін жоғарыда көрсетілгендер бойынша жазбаша анықтама берулерін талап етеміз. (Хаттың жоғарыдағы мәтіні Қытай Үкіметі мен компанияларына жіберілді). Келесі мәселе, - ол Қазақ жерін шетелге сату немесе жалға беру туралы. Жер мемлекеттің негізі болғандықтан ол жалпы сатылмайды немесе өз азаматтарынан басқаларға жалға берілмейтіндігі аксиома. Ол туралы бұрынғы жер туралы заңда көрсетілген. Халық жерді сатуды - елді сату деп түсініп соңғы кезде қатты толқып, әртүрлі ұйымдар құрып, біздің дерек бойынша облыстарда 50 мыңнан астам қол жиналды. Егер жер сатылып, не шетелге жалға берілетін болс, халық оған қарсы төтенше наразылыққа шығуға дайын екенін ескертуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп санаймыз. Біз осы іске қатты алаңдап, ел болашағын ойлағандықтан, билік пен қоғамды ескертіп отырмыз. Себебі, Мемлекеттік тіл, Жер, Ел мәселесін билікке ғана сеніп тапсырып, қарап отыра беруге болмайтынын ел де түсінді. Ел бірлігі қоғамдағы келісім мен сенімге негізделген. Енді, оны жер сатып әрмен қарай ушықтыру, - ол әң алдымен Тәуелсіздігімізден айырылуға дейін жеткізетін апатқа апарады. Ел мүддесін сатып, өткен қарашада осындай заң шығарған депутаттар мен сыбайлас жемқорлыққа былыққан шенеуніктер мәселенің тап осындай ушығатынын түсінбейді. Ал, араб елдері, Қырғызстан, Украинадағы төңкерістердің болатынын ешбір арнаулы органдар ескерте алмағанын ойласақ, бізде де ресми билік қандай да бір шетін оқиғаның болып кетеріне сенбейтін сияқты. Ол халық пен биліктің арасы соншама алыстағанының, билік елдің жағдайын толық түсінбейтіндігінің белгісі. Украинадағы сияқты экономиканы олигархтар және шетелдіктер билеген Қазақстандағы биліктің қазіргі саясаты елді, сол елдегідей сын сағатта ыдырауға дайындауда. Қазақстан ішкі саясатын түбегейлі өзгертуі қажет. Адам құл болу үшін, ұлт бодан болу үшін жаралмайды. Жерді сатып, елді бодандыққа итермелейтіндерге бұның ақыры өз бастары үшін де ауыр қауіпке соқтыратынын ескертеміз! Жоғарыдағыларды ескере келіп, Үкімет, қоғамдық ұйымдармен бірге жерді шағын және орта бизнес өкілдері мен шаруа қожалықтарына сату не жалға беру, шетелге жалға беруге тиым салу туралы соңғы заңға тиісті өзгеріс енгізіп, Парламенттен сол өзгерістерді маусым айында қабылдауын талап етеміз. Біз осы хатты барлық БАҚ арқылы таратып, елдегі толқуды басуға уақытша ықпал жасап, негізгі мәселені шешуді Үкімет пен Парламенттен талап етеміз. Ел тыныштығы, оның жарқын болашағының кепілі! Құрметпен, Ұйымдастыру алқасы атынан: ӘКІМ Жанұзақ – Халықаралық Адам институтының президенті, ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі; СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғалымдар одағының Төрағасы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі; ӘУЕЗОВ Мұрат – М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым; ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті; ТҰЯҚБАЙ Жармахан – БСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері; АХАНАЕВ А. - ҚР Өнер Академиясының Президенті, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Әлем Шебері; ТОҚАШБАЕВ Марат - «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор; ҒАБЖӘЛЕЛОВ Хайрулла - «Алаш» тарихи-зерттеу Орталығының президенті, Социология ғылымдары Академиясының академигі, ҚР өнер қайраткері; НҰРЫПБАЕВ Мақсат - «Антигептил» қозғалысының ұйымдастырушысы; ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.М.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы; АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы; ОШАНБЕКОВ Нұржан – Қазақ Ұлттық Кеңесінің атқарушы директоры. Қазақстан зиялылары мен қоғамдық ұйымдары атынан: Ауған соғысы ардагерлер Қауымдастығы; Қазақстанның генералдар Қауымдастығы; Қазақстан суретшілер Одағы; Қазақстан композиторлар Одағы т.б., 12 республикалық Қауымдастықтар мен Одақтар қолдады; НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы, ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ҚИРАБАЕВ Серік – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; ҚАЙДАРОВ Әбуғали - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; АЙТБАЕВ Өмірзақ - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы; ҚАЛМАТАЕВ Мұрат – генерал-майор, мемлекет және қоғам қайраткері; МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик; ЕЛЕШЕВ Рахымжан – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик; ҒАББАСОВ Совет-Хан - медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, Халықаралық М.Нострадамус атындағы Академияның академигі; ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒАакадемигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі; ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ИСАБЕКОВ Дулат - «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; СМАТАЕВ Софы - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; МЕДЕТБЕК Темірхан - ақын , ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ Серік - ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; ЕЛУБАЙ Смағұл - жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті; ЕСДӘУЛЕТ Ұлықбек - «Жұлдыз» журналының бас редакторы, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және иновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры; КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша филиала директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор; НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор; БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері; БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті; ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері; ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті; СӘРСЕНБАЙ Рысбек - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері; БАПИ Ермұрат - «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері; ИСА Қазыбек - "Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені иегері. АЙҒАЛИҰЛЫ Е. - «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы; ҚАЛЫБАЙ Жарылқап - «Жұлдыздар отбасы-Аңыз Адам» журналының бас редакторы; САРЫМ Айдос - Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары; ШЫМШЫҚОВ Жанкелді - Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ ұйымдастыру комитетінің төрағасы; ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры; ҚАНАТБАЕВ Серік - ветеринария ғылымының докторы; ТӘЖИЕВ Қадырбай – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғылыми жетекші; АМАНЖОЛОВ Қыдырбай -ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, ғылыми жетекші; АЙЫПҰЛЫ Рахым – БСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері; ҚАЛЫБАЙ Мақсот - Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер; САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері; ҚОЖАБЕРГЕНОВ Өсербай – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты; БАБАМҰРАТ Дәурен - «Болашақ» жастар қозғалысының лидері; ЕРҒАЛИЕВА Баретта - Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы; КЕНЕБАЙ Жұмаш - ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты; ҚОСАНОВ Әміржан –қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер; АЛИБАЕВ Алик - экономист, БСДП Президиум мүшесі; КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері ТӨРЕХАНОВ Эрнст - жазушы, қоғам қайраткері; МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері; СҚАБЫЛҰЛЫ Арман – ҚР Ақпарат саласының үздігі, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты; МАМАЙ Жанболат - журналист, қоғам қайраткері; ҚАПТАҒАЙ Қ. - «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы; ҚУАТ Дәурен - «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі; СӘДУҰЛЫ Б.. «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; ӘЗІМБАЙ Ғали - саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы; БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері; МҰҚАНОВ Дәурен - аудармашы, әдебиеттанушы; КӨШІМ Дос -"Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы; НҰР-АХМЕТ Дос -"Ұлт патриоттары"қозғалысының төрағасы; ТАЙЖАН Мұқтар - Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті; БӨТЕЕВ Марат - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы; ТӘЛІМҰЛЫ К. - Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры; АШУҰЛЫ Ж. - Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы; МҰХТАРБЕК С. - журналист, қоғам қайраткері; ҚАНАФИЯ Назарбек - филология ғылымдарының кандидаты; УАТҚАН Марат - журналист; ҚЫСТАУБАЕВ Геройхан - қоғам қайраткері; АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист; БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналист, зерттеуші; КӘРІПЖАН Аманғазы - ақын; ҚҰТТЫ Кеуімілжай - қоғам белсендісі; МЕРГЕНБАЙ Сағидолла - қоғам белсендісі; ТОҚАЙ Бірлік – журналист; АЙТМЫРЗА Құрманғазы – желтоқсаншы; ЖАНЫСБАЙ Талғат – саясаттанушы; АҒЫБАЕВ Берік – саясаттанушы; ЕРМЕКҚАЛИЕВ Айбар – саясаттанушы. qazaquni.kz