Талапкерлер ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін қанша төлейтіні анықталды
2016 ж. 29 наурыз
3038
0
2016 жылы бітірушілер ҰБТ-ны белгіленген мерзімде 1-15 маусым аралығында тапсырады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шекті деңгейді жинай алмаған бітірушілер үшін ағымдағы жылдың тамыз айында барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында орналасқан базалық жоғары оқу орындарында тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға болатын жоғары оқу орындарының тізімі Білім және ғылым министрлігі тарапынан айқындалады. Шекті деңгейді жинай алмаған бітірушілер тестілеуді төрт пән бойынша қайта тапсырады: оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен (бейінді). Тестілеуді екінші рет тапсыру үшін талапкерге тек тұрғылықты жер бойынша жақын орналасқан базалық ЖОО-ға өтініш, 3х4 көлемдегі 4 сурет, және орта мектепті немесе ТжКО-ны бітіргендігі туралы құжаттар тапсыру қажет. Қайта тестілеу рәсімінің құны 2242 теңгені құрайды.
Естеріңізде болса бұған дейін Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-дан өтпей қалған талапкерлер ақылы түрде қайта тапсыруға мүмкіндік алатыны жайында жазған болатынбыз.
Дерек көзі: ҚазАқпарат