Инвестициялар және даму министрлігі Астанада апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді
2016 ж. 27 наурыз
2163
0
Астана әуежайына Bek Air ұшағының апатты жағдайда қону себебін анықтауды ИДМ комиссиясы қолға алды.
Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бүгін Қызылорда-Астана бағытында ұшқан Bek Air авиакомпаниясының Foker-100 ұшағының алдыңғы шассиі ашылмай қалып, апатты жағдайда қонады.
Кестеге сәйкес, ұшақ Астанаға 09.45-те қонуы тиіс болған. Алайда, төтенше жағдайдың салдарынан ұшақтың жерге соғылу қаупін мейлінше азайту үшін 50 минут әуеде қалықтады.
Апатты оқиғаға қатысты Қазақстанның бас көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.
Осы уақыт ішінде Астана әуежайының қауіпсіздік қызметтері ұшақтың жеңіл қонуы үшін ұшып-қону алаңына көбік шашқан. Сонымен қатар, 7 өрт сөндіру техникасы мен 4 жедел жәрдем көлігі сайланып отырған.
Осыған дейін ұшақ бортында 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Оқиғаға қатысты түсініктеме берген әуекомпания басшысы экипаж мүшелірінің барлығын дұрыс істегенін, ешкімнің зардап шекпегенінін айтты.