Ұлттық қорда қанша қаржы бары айтылды
2016 ж. 16 наурыз
2014
0
ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов бүгін Ақтөбе қаласында өткен баспасөз мәслихатында журналистердің Ұлттық Қордың резервтері туралы сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша, Ұлттық қордың валюталық портфелінің және Қазақстан эмитенттері облигацияларының теңгедегі портфелінің жиынтық нарықтық құны 2015 жылғы 31 желтоқсанда 65,7 миллиард АҚШ долларын құрады. Ол бұл ретте валюталық портфель құнының 63,3 миллиард АҚШ доллары (96.44 пайыз), облигациялардың теңгедегі портфелінің құнының баламасы 2,3 миллиард АҚШ долларын (3.56 пайыз) құрайтынын нақтылады.
"Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамындағы тұрақтандыру және жинақ портфельдерінің нарықтық құндары тиісінше 17,8 миллиард АҚШ долларын (28.12 пайыз) және 45,6 миллиард АҚШ долларын (71.88 пайыз) құрайды", - деп атап өтті Ұлттық банктің басшысы.
Дерек көзі: tengrinews.kz