АХАЖ бөлімдерінің жаңа жұмыс кестесі үйленуге кедергі келтіреді
2016 ж. 10 наурыз
3112
0
АХАЖ-дың жаңа жұмыс кестесі неке қиғысы келетіндердің көңілінен шықпай қалды. Себебі енді жас жұбайлар некесін тек жұмыс күндерінде ғана заңды түрде қия алады. Осының салдарынан көптеген тұрғындар тойларын бірнеше күнге кейінге шегеруде деп хабарлайды NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап.
Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, мемлекеттік мекеме тек жұмыс күндері қызмет етеді.
«Неке қию мемлекеттік қызметінің» стандарты Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген, біз оған біртіндеп өтуге бел будық. Неге? Себебі, көктем, күз және жаз - нағыз неке қию маусымы. Халық дүрлікпеуі үшін қыстан бастап, осы ережеге сай қызмет көрсете бастадық», - дейді Қостанай қаласы некені тіркеу бөлімінің басшысы Гүлнар Түркібаева.
Викторияның айтуынша, енді оған неке қию рәсімін арнайы қызметті шақыртумен ұйымдастыруға тура келеді.
Айта кетерлігі, АХАЖ демалыс күндері жұмыс істемейтіндіктен, осындай ақылы қызмет көрсететіндерге сұраныс артқан. Олардың қызмет құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін барады.
Қазақстандағы біршама неке сарайлары жаңа жұмыс кестесіне өтіп үлгерген. Дегенмен кей қалалар, мәселен Қарағанды қаласының неке сарайы сенбі күндері де неке қиюды жалғастыруда. Олар да көп ұзамай бес күндік жұмыс кестесіне өтуі әбден мүмкін.