Жүрек ауруынан айығу үшін билеу керек... "ҚАРА ЖОРҒАҒА" !!!
2016 ж. 03 наурыз
2708
3
Австралиядағы Сидней Университетінің және Батыс Сидней Университетінің ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға билеу керек деген қорытындыға келді.
Ғалымдар он жыл бойы 48390 еріктіні бақылауға алып, физикалық жаттығулар олардың денсаулығына қалай әсер ететіндігін зерттеп көрді. Белгілі болғандай, зерттеу кезінде үнемі би билеп жүретін 40 жастан асқан адамдарда бимен айналыспайтын адамдармен салыстырғанда жүрек-қан тамырлары ауруынан қайтыс болу қаупі 46 пайызға төмен болды. Сондай-ақ бұл жерде кімнің қандай бимен айналысқаны маңызды емес. Ең бастысы, ол биде белсенді болса болды.
Мамандардың пікірінше, би - физикалық белсенділіктің түрі. Ол күйзелістен арылтып, адамның ағзасына, атап айтқанда жүрек-қан тамыры жүйесіне оң әсерін тигізеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Дерек көзі: ҚазАқпарат