Қазақтар жезөкшелер мерекесін тойлауға неге құмар?

Ресейдің есті әйелдері ешқашан митингіге шығып бұл күнді талап еткен емес...

[caption id="attachment_47644" align="aligncenter" width="520"]A prostitute sitting on a sofa. A prostitute sitting on a sofa.[/caption]

"...Мен анамды жылдың 364 күнінде құттықтауға бармын, тек 8 наурызда емес. Өйткені жезөкшелердің бой көтеруінен туындаған «мереке» неге асыл да, адал аяулы аналарымызға таңылуы керек?.."

Кеңестік қандыбалақ коммунистер құрған террорлық мемлекет өз қылмыстарын жасыру үшін өтірік тарих, өтірік мәдениет, өтірік адамдық қасиеттерді ойлап шығарды. Бұлардың ұлт болмысы, адамдық қасиеттен жұрдай ететін ғылыми тұжырымдамалары әлі күнге күшінде келеді.  

Александра Михайловна  Коллонтай – бұрынғы орыс армиясы генералының қызы еді. Мектеп бетін көрмей-ақ, үйінде жүріп әріп танып, оқып үйренді. Он алты жасында үлкен-кіші демей, еркек атаулының кез-келгенімен төсек қатынасына түсіп, күллі елге «қызуқанды Шурочка» атанды. Бірақ ата-анасы еңіреп, жалынып, соңынан қалмай жүріп, Владимир Коллонтай дегенге қосады. Үйде отырып шаңырағына шаттық сыйлап, құлдыраңдаған баласының тәтті күлкісін аңсамайтын қатынға отбасында отыру нағыз азапқа айналды. Күйеуінің алдындағы әйелдік паразын өтеу, еркек пен әйелдің ең ыстық нәзік сезімін, махаббатын, ақ некесін; «ақымақ, надан  адамдардың әйелдерді отбасына байлап, құл қылып ұстау үшін ойлап тапқан құйтырқы ісі» деп ашық айтумен болды. Онысымен қоймай, «бір еркекпен ғана төсекте жату, өміріңді қор ету» деп, күйеуі жұмысқа кеткенде оның досы Александр Саткевичпен ашық түрде ашыналық жасады. Көп уақыт өтпей 1898 жылы бұл екеуінен де жалығып, шетелге кетеді.   

ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Еуропада  Клара Цеткин мен Роза Люксембург деген әйелдер жезөкшелерді қорғап, «олардың да адамдар сияқты мемлекеттен көмек алуға, сайлануға, сайлауға қатысуына, заңды құжатталуына құқы бар» деп, жезөкшелерді ұрып-соғып, қуып таратылған «8 наурыз» күнін «жұмысшы» әйелдердің «теңдік үшін күрес» күні ретінде атап өту үшін, көше жезөкшелерін жыл сайын қайта-қайта митингіге алып шығып, батыс баспасөзін шулатып жатқан кез. Соларға қосылған Коллантай: «Ресей дамымаған, өркениетке жетпеген, әйелдерді қорлап ұстайды» деген мақалаларымен «күрескер әйел» атанып, қалаған еркектерімен «бақытты» өмір кешіп жатады. Сонымен қатар Еуропада өздерін «революционер» атаған қарақшы, алаяқ, ұры-қары, терористік топтардың көсемдері Поль Лафарг, Карл Каутский, Георгий Плеханов, Владимир Ульянов (Ленин) «Ресей патшасын өлтіреміз, езілген халыққа бостандық әпереміз» деп неше мәрте патшаға, биліктегі министрлер мен  атақты зиялы жандарға қастандық әркет жасаумен айналысқан топтың белді мүшесіне айналады. Орыс империясы Коллантайға Ресейге келуге тиым салады. Ресейдегі 1917 жылғы ақпан революциясын естісімен Петерборға шұғыл оралады. Мыңдаған жұмысшылар мен солдаттар алдында, «әйел бостандығы» туралы сөйлеген сөзін сайқымазақ ретінде қабылдаған тобыр, улап-шулап қолпаштап, ақырында солдаттар оны, «біздің Саша «революцияның секс гүлі» деп «қолдан қолға» алып кетеді. Көп өтпей қырық бес жастағы Коллантай, Балтық флотының  матросы, жиырма сегіз жасар сотқар Дыбенконың ойнасына айналады. Коллантай 1917 жылы Мәскеу қаласында зауыт жұмысшылары мен қызыл әскерлер алдында: «Әйелдердің бір еркекпен ғана некеге тұрып, оған тәуелді болуы – әйел бостандығын қорлау. Революцияның мақсаты әйелдерге бостандық әперу. Сондықтан әйелдер қалаған еркегімен болып, ұнатпаса тастап кете алады. Бала туғысы келе ме, келмей ме оны әйел шешуі керек» деп оттайды. Ленинмен де төсектес болып жүргендіктен Революциялық үкіметтің құрамына кірген жалғыз қатын болады. Ленин оны әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп тағайындайды. Министр болысымен 1917 жылы 19 желтоқсанда еуропалық азғын, гомик философсымақ Фрейдтің ілімін негізге алып, әйелдер, еркектерге экономикалық, жыныстық тәуелді болмау үшін «Әйел теңдігі», «Некені бұзу», «Азаматтық неке», «Некесіз туған баланың құқығын заңды туылған баламен теңестіру», «Некенің күшін жою», «Гомосексуал болғандығы үшін жазалаудың күшін жою сияқты заңдар жинағын дайындап оған Ленин қол қойып, қабылдайды.  «Түсік тастау еркіндігі» – «свобода абортов», «Гомосексуализм», «жастардың жыныстық қатынастағы еркіндігі» – «молодежные (сексуальные) коммуны», «балаларды ұжымдық түрде тәрбиелеу» – «коллективное воспитание детей» сияқты ережелер қабылдайды. Сонымен қатар Кеңес Одағына «8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы» деген мерекені енгізеді. Ресейдің есті әйелдері ешқашан митингіге шығып бұл күнді талап еткен емес. 

Бұл заңдар мен ережелерді қуана қолдаған Троцкий Ленинге жазған хатында: «Ресейде әйелдерді жынысына бөліп қорлайтыны, әйелдер экономикалық, жыныстық қатынаста еркекке тәуелді екені рас. Отбасы да буржуазия билігі сияқты «іріп шіріген» институт. Біз бұны жоюымыз керек» депті қаныпезер.  

«Молодая гвардия» журналына жыныстық қатынас туралы доктринасын жариялап, соңына; «Комсомолдар мен комсомолкалардың бір-бірімен  жыныстық қатынасқа түсуі – шөлдегенде ішетін бір стакан су сияқты, шөліңді басып жүре беретін қарапайым болу керек» деп жазды. «Новая мораль и рабочий класс», «Дорогу крылатому Эросу!», «Любовь пчел трудовых» сияқты азғындыққа шақыратын жүздеген мақалалар жариялап, кітаптар жазады. Алғашқыда халық оған, «ақымақ қатын» деп күле қарады.  «Коллантайдай атақты әйел боламыз» деп армандаған комсомол хатшысы, партком хатшысы, комиссар, бастықтың хатшысы болған қыздар, келіншектер білім, ғылымымен, талантымен емес «жеңіл жолмен» билікке жетуді мақсат етті. Еркектерде көрінген қатынға «көз салып» отбасын ойрандап, бала-шағаны жетім етіп, қоғам бұзылып, революцияның атына кір келіп, мазаққа айнала бастаған соң, халық Лениннен Коллантайды биліктен аластауды талап етті. 1922 жылы Коллантайды «гендерлік саясатымен» Норвегия мен Швецияға елшілік жұмысқа жіберді. Арасында Мексикада елші болған ол, әлем бойынша; «бірінші министр – әйел, бірінші елші – әйел» атанды. Үстіне былғары тон, алтын мен гауһарға көміліп, ұнатқан еркектерімен сайраңдап жүрді. 1930 жылға дейін Кеңес Одағы Коллантайдың  заңдары мен ережелеріне; «Біздің елде секс жоқ. Жастар бойындағы қуатын секске жұмсамауы керек. Секс жастардың оқып білім алуына, жұмыс істеуіне, социалистік қоғам құруға зиян келтіреді» деп тыйды. Бірақ «8 наурызы» аяулы да асыл аналарымыздың арын кірлеп, әлі мейрам болып келеді. «8 наурыз» туралы жалған тарихтың санамызға сіңіп кеткені соншалық кез-келген әйелге: «Бұл мереке ешқашан «халықаралық» болған емес, өйткені «жезөкшелер күні» екенін білетін шетелдіктер оның «әйелдер мейрамы» екенін мойындамайды. Оқиға болған Дания елі мұндай «мерекені» естімеген де. Тек «тексіз коммунистер» билеген Кеңес Одағында ғана тойланады» десең «өтірік» деп бетіңе баж ете қалады. Өтірік пен жалған қоғамда өмір сүрген жандардың шынайы шындықты қабылдауы екіталай екен.

Мен анамды жылдың 364 күнінде құттықтауға бармын, тек 8 наурызда емес. Өйткені жезөкшелердің бой көтеруінен туындаған «мереке» неге асыл да, адал аяулы аналарымызға таңылуы керек? 8 наурызбен «құттықтамасам болмайды» дейтіндер болса, онда Қазақстанда 14 қаңтарды «әйелдер мейрамы» деп жасап алайық. Талдықорғанда әйелдер басқаратын «Ковчек» әлеуметтік ұйымы  2008 жылы 14 қаңтарда  жезөкше қыздарды көшеге алып шығып, бүкіл әлемге: «Қазақстанда әйелдер құқығы аяққа басылып жатыр. Жезөкше қыздарды адам қатарына қоспайды, оларды полицейлер ұрды-соқты» деген сияқты былапыттармен елді былғап, теледидарға сұхбаттар беріп орыс тілді газеттер айқайлап әлемге жариялады. Бұл оқиға мен Даниядағы 1914 жылғы «8» наурыз оқиғасы бірдей. Бәрібір жезөкшелер емес пе? Талдықорғандағы жезөкшелердің суреттері газеттерге басылып, экранға шықты. Ата-аналары, туған-туысы, еліне «күрескер қыздарының» суреттерін көрсетіп әркімге мақтанған шығар. Бүйтіп ата-ана болғанша ... Асыл аналарымызды сыйлайтынымыз рас болса, көп ұзатпай ел болып «аналар мерекесін» басқа күнге ауыстыруымыз керек.

Тоғайбай Нұрмұратұлы

Дерек көзі: Abai.kz