Ұзақ өмір сүргіңіз келсе мына ережелерді ұстаныңыз
2016 ж. 29 ақпан
5973
0
Дәрігерлердің айтуы бойынша, әрбір адам мына ережелерді орындаса, денсаулығын бірқалыпта ұстай алады.
Бірінші
Салауатты өмір салтын ұстану. Физикалық жаттығу жасамаған адам өмірі 4 жылға қысқарады екен. Физикалық жаттығулармен айналыспайтын адамдар жүрек ауруларына шалдығуы әбден мүмкін.
Екінші Холестерин деңгейін білу және бақылап отыру. Қандағы холестерин мөлшерінің көп болуы артық май жинап, адамның қан тамырларын бітеп, қан айналысын баяулатады. Соның әсерінен адам жүрек ауруларына шалдығады. Себебі жүрекке қан бірқалыпты бармайды.
Үшінші Денсаулыққа пайдалы диета ұстану. Дұрыс тамақтану адам өмірін ұзартудың бірден-бір кепілі. Бұл ережені ұстанудың қиындығы да жоқ. Дәрігерлердің айтуы бойынша салауатты өмір сүру үшін адам жемістер мен көкөністерді қолдануы керек.
Төртінші Қан қысымын білу және қадағалау. Жоғары қан қысымы адам өміріне қауіпті.
Бесінші Салмақты арттырмай қадағалау. Артық салмақ түрлі ауруларға себеп болады. Семіздік немесе май басу адам өмірін 4 жылға азайтады.
Алтыншы Қант диабетіне байланысты қауіптің алдын алу. Қант диабеті ауруымен ауырған кезде адамның қан қысымы тез көтеріліп, жүрек ауруларына алып келеді.
Жетінші Темекі шекпеу. Жыл сайын он мыңға жуық адам темекінің әсерінен жасына жетпей қайтыс болады, ал мыңдаған адам солардан кейін көз жұмады. Адам темекі тартуды қойғаннан кейін оның жүрек соғысы қалпына келе бастайды, деп жазады massaget.kz.
Дерек көзі: massaget.kz.