Ажырасқан келіншек тоқалдарға қарсы күресетін мектеп ашпақ...
2016 ж. 27 ақпан
3046
4
Алматылық гейша тоқалға оңайлықпен тойтарыс беріп, күйеуін өзіне қайтарудың қыр-сырын үйрететін мектеп ашпақ деп хабарлайды NUR.KZпорталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: GOODFON.RU
Өзіне Канокоюри Нампо лақап атын қойған алматылық келіншек өз шеберлігімен бөлісу үшін бәйбішелерге арнайы мектеп ашпақ ниетте екен. "Ханамати" деп аталатын мектебінде ол күйеуінің көңілін аулаудың қыр-сырын үйренгісі келетіндерге ақылы дәрістер беруді жоспарлап отыр.
"Шын есімім басқа, мен метиспін: әкем - қазақ, анам -орыс. Гейша шеберлігін ұзақ зерттеп келдім. Петербургта, Владивостокта және Мәскеуде арнайы курстардан өттім. Ер кісілердің психологиясын түсіну, түрлі тағамдар әзірлеуден бастап, сексуалды өмірдегі шеберліктерге дейін үйреніп алдым. Барлық алған білімімді тоқалдармен күреске пайдаланғым келеді. Олардың ешқандай мүмкіндігі қалмайды", - деп сөзін бастады Нампо.
Алматылықтың тоқалдарға мұншалық өштігуінің өз себебі бар екен.
"Үш жыл бұрын күйеуім не тоқалды пәтерге кіргізесің, не ажырасамыз деген шарт қойды. Мен көп ойланбастан баламды алып, ата-анама кетіп қалдым. Бір ай бойы күйзелісте болып, таң атқаннан кеш батқанға дейін жылайтынмын. Кейін әлемдегі ең танымал гейша Минеко Ивасаки туралы мақала көзіме түсті. Мен оған тәнті болып, гейшалар туралы көбірек білгім келді. Енді қазақстандықтарға шеберлігімді үйреткім келеді", - дейді ол.
Канокоюри жасы 30-дан асқан келіншектермен тоқалдарға қарсы шайқас ашатынын жасырмады.
"Алғашқы дәрісіме жасы 30-дан асқан келіншектер келеді деп ойлаймын. Олармен бірігіп, ашыналар мен тоқалдарға тойтарыс береміз", - дейді гейша.
Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.