«Ақ жол» партиясы «Қайнар» аккумулятор зауытында болды
2016 ж. 24 ақпан
3100
12
Шараға «Ақ Жол» Демократиялық партиясының орынбасары «Қазақ үні» газетінің президенті Қазыбек Иса , ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырлымының депутаты Нұрлан Жазылбеков және «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалы ұжымы, завод жұмысшылары қатысты. «Ақ Жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев «АКБ «Қайнар» зауыты жұмысшыларымен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын жан-жақтылы түсіндіріп, сонымен бірге партияның басты мақсаты отандық өндірушілерді қолдау екендігін баса айтты. «Ақ Жол» Демократиялық партиясының орынбасары «Қазақ үні» газетінің Президенті Қазыбек Иса Жарылқасынұлы зауыт жұмысшыларының жұмыстарына ақ жол тілеп, зауыт атының өзі "Қайнар" аталуының тегін еместігін, осы зауыттың отандық тауар өндірушілердің қайнар бұлағы болсын деп ақ тілегін білдірді.
«АКБ «Қайнар» президенті Қуаныш Әжмағамбетов зауыттың өнім өндірудегі кейбір кедергілерді жоюға ықпал еткені үшін ақжолдықтарға алғыс айтып, Мәжіліс сайлауында Ақ жол тіледі
Дереккөз: Baq.kz