Бір аялдамаға 10 миллион шашатын Астана билігі, денсаулық үшін 40 көлікке ақша жеткізе алмапты-мыс

a5d2a9e8-42a8-488a-aeac-133b4bf19859Астана әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына қарасты автопаркте қазіргі таңда 52 жеделжәрдем көлігі бар. Қала халқына сапалы, жылдам қызмет көрсету үшін, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Иван Лидің айтуынша, 90 көлік қажет екен. Енді небары 40 арнайы науқас тасуға арналған көлікке әкімдіктің ақшасы жоқ болған-мыс, әкімдік енді науқастардың такси арқылы таситын болады. Бір аялдамаған 10 миллионды шаша салатын Жақсыбековтің командасы, халықтың денсаулығы үшін 40 көлік ақша жеткізе алмады дегенге кім сенеді? Елбасы Н. Назарбаев "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам"-да денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту туралы, халықтң денсаулығы басты мәселе екендігін айтып кеткен болатын. Сонда, елорда әкімдігі науқастарды таксимен тасу арқылы ұлт денсаулығын емес, ақша үнемдеуді ғана ойлап отырғаны айдан анық емес пе?!. Болмаса жоғарыдағылардың бірі осыған арнап арнайы "Таксопарк" ашып, қалтасын қампайтуды көздеп отырмағанына кім кепіл?

Естеріңізде болса осыдан біраз бұрын Астанада жедел медициналық көмек шақырту қызметін көрсету үшін такси пайдаланылатыны айтылған. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте «Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Иван Ли хабарлады.

«Біз Түркияда, Ыстамбұлда тәжірибені зерделедік. Онда арнайы машиналар жоқ, олар жедел жәрдемге кәдімгі жеңіл көлікті жалдайды да дәрігер немесе фельдшерді осы жеңіл көлікпен жібереді. Эксперимент тәртібінде 2 наурыздан бастап біз осы бағдарламаны енгіземіз. Қазір байқау өткіздік. 2 наурыздан бастап жеңімпазды анықтаймыз. Алғаш рет 25 көлікті - 7 жергілікті таксиді жедел жәрдемге тартамыз», - деді И. Ли.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау басқрамасында мұндай өзгерістен кейін жедел жәрдем жұмысының көрсеткіштері жақсарады.

И. Ли сондай-ақ 1 және 2 санатты шақыртулар - бала туу, жүрек талмасы, ауыр жарақаттар мен басқа да жағдайларға қызмет көрсетуі үшін арнайы санитарлық көлік қажет. Ол барлық шақыртудың небәрі 30 пайызын ғана құрайды. Тұтастай, 871 мыңға жеткен Астана халқына қызмет көрсету үшін 90 көлік керек, ал денсаулық сақтау басқармасында олардың саны бар болғаны - 52.

qazaquni.kz