Әділбек Рыскелдіұлы, мұндай көзбояушылық кімге керек?
2016 ж. 24 ақпан
2737
6
Бүгін, яғни 24 ақпан сағат таңғы 10:00-де Астана қаласының әкімі Елорда тұрғындарына есеп беру жиналысын өткізу керек еді. Алайда, әкімнің жиналыс барысында сөйлеуге тиісті сөзі жиналыс басталмастан бұрын қаланың ресми сайтында жарияланып қойды. Мұндай көзбояушылық кімге керек? Әкімнің не айтатыны белгілі болса, халықпен несіне кездесіп әуіре болады? Кеңсесінде отырып-ақ айтқысы келгенін жариялата бермей ме.
Жалпы Жақсыбековтың есеп беруі жақсылыққа әкелмейді. Өткен жылы да Әділбек Рыскелдіұлының артынан ұрыс келген болатын. (" target="_blank"> )
Сондағы әкім мырзаның айтқысы келген әңгімесі мынау екен:
2016 жылғы 24 ақпанда Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков халыққа есеп беру кездесуінде қаланың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Әлемде орын алған күрделі экономикалық жағдайлар елімізде де сезілді. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, дағдарысқа қарсы бағдарламалық құжаттар түбегейлі өзгерістердің болуына, соның ішінде қала экономикасында да өзгерістердің болуына жол бермейді. Астана дамудың кезекті кезеңінде барлық бағыттар бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
«Елбасының жетекшілігімен жаһандық сынақтан сүрінбей өтетінімізге сенімдімін. Тек күш-жігерімізді біріктіру керек», - деді Ә. Жақсыбеков. Қала басшысы өткен жылғы даму қорытындысы Астананың одан әрі өсуге әлеуеті бар екендігін көрсететінін атап өтті.
Жыл сайын барлық бағыттар бойынша көрсеткіштерін жақсарта отырып, 2015 жылы Астана әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша өңірлер арасында көш бастады. 2015 жылы жалпы өңірлік өнім өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артты. Оның республикалық көлемдегі үлесі – 10% немесе 4,5 трлн. теңгені құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есеге артық – 5,2 млн. теңге.
Бүгінде Астананың өзіндік кірістері 200 млрд.теңгені құрайды. Өткен жылдан бері Астана төрт республикалық бюджет донорының біріне айналды. Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер көлемі 850 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 11% артық. Бұл ретте республикалық бюджетке келіп түскен жоспардан тыс түсімдердің үштен бір бөлігіне жуығы біздің қаламызға тиесілі.
Көп жағдайда сәтті индустриалды-инновациялық даму оң көрсеткіштерге септігін тигізді. Өткен жылы инвестициялар көлемі 773 млрд. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 15% артық. 2015 жылы Индустриалды паркте 28 жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, 800 жұмыс орны ашылды. Жалпы, №1 Индустриалды парк аумағында инвестициялар көлемі 187,5 млрд. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылуда. Осы кәсіпорындар бюджетке төлеген салықтардың есебінен парк инфрақұрылымының құрылысына жұмсалған қаржы толығымен ақталды.
Қала әкімдігі қызметінің басты бағыттарының бірі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бүгінде шағын және орта бизнестің Астананың жалпы өңірлік өніміндегі үлесі 61% құрады. Бұл еліміздің өңірлерінің ішіндегі ең үздік көрсеткіш. Осы бағыттағы елорда кәсіпкерлер мүдделерінің бастаушысы Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының жұмысы зор. Қазіргі кезде өңірлік кәсіпкерлер Палатасы мен елорда әкімдігінің арасындағы бірлескен жұмыстың барлық салалардағы ықпалдастықтың тиімді форматы қалыптасқан болатын.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет ететін ШОБ субъектілерінің саны 99,2 мыңға дейін артқан. 2010 жылдан осы күнге дейін «БЖК-2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 84,7 млрд. теңгені құрайтын 480 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде 2015 жылы құны 12,1 млрд. теңгенің 67 жобасы мақұлданды. Қазіргі кезде көше саудасын ұйымдастыру үшін 1000 орынды анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, бұл елордада шағын бизнесті дамытуға қосымша серпін бермек.
Астана жалпыға ортақ еңбек қаласына айналды. 2015 жылы 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, жоғары кәсіби кадрлар жұмыс істейді, елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6% дейін төмендеді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен. Жұмыссыз жүргендер ретінде 1895 адам тіркелген. Бұл ретте тіркелген бос орындар саны - 2315 .
Елорданың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына инновациялар белсенді түрде енгізілуде. Астанада білім, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік жүйесі салаларында «ақылды қала» пилоттық жобалары, сондай-ақ, қаланың тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі - ТКҚЖ жүзеге асырылуда. ТКҚЖ мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қаладағы жағдайға нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу болып табылады.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі елорданың тұтастай экономикалық дамуына серпін бермек, көрмеге дайындық толық қарқынмен жүргізілі жатыр. «ЭКСПО қала үшін ең маңызды емтихан болып табылады, сондай-ақ, елорданың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қосымша серпін бермек» - деп атап өтті қала әкімі.
Есеп беру кездесуінің негізгі бөлігінен кейін Ә. Жақсыбеков азаматтарды жеке өзі қабылдай бастады. Бұл күні Конгресс-Холлда қала тұрғындары елорда әкіміне және оның орынбасарларына өз сауалдарын жолдай алады.