Журналистер одағы төрағасы С.Матаев тұтқындалды
2016 ж. 22 ақпан
4422
8
ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевқа "көп мөлшерде мемлекеті қаржысын жымқырды" деген күдікке ілінді. Бұл туралы бүгін Алматыда Ұлттық баспасөз клубында өтіп жатқан жиында "Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Қалеева мәлімдеді. Қалееваның сөзінше, Сейітқазы Матаев бұған қоса Алматыдағы "Ұлттық баспасөз клубын заңсыз реконструкциялады" деген де күдікке ілінген.
"Істің мәні оларды қудалаудың шынайы мақсаты ашық диалог алаңы - Ұлттық баспасөз клубының қызметін шектеу, ҚазТАГ материалдарының мазмұнына жасырын түрде мемлекеттік бақылау жасау және Қазақстан журналистер одағының қоғамдық белсенділігін төмендету деген ұйғарым жасатып отыр" делінген "Әділ сөз" ұйымы таратқан мәлімдемеде.
Баспасөз жиынын ұйымдастырғандар бүгін таңертең Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды "антикоррупциялық бюро қызметкерлері ұстап қалғанын" және олардың одан кейінгі жағдайынан хабарсыз екенін хабарлады. Азаттық тілшісі Матаевтардың ұсталғанын анықтамақ болып хабарласқанда Әсет Матаев телефон тұтқасын алмады, Сейітқазы Матаевтың телефоны сөндірулі тұр.
Дерек көзі: Азаттық радиосы