Бас прокуратура сайлау үгітін жүргізуде заңдылықты мүлтіксіз сақтауға шақырады
2016 ж. 19 ақпан
2415
0
ҚР Бас прокуратурасы Парламент Мәжілісі сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.
"Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты сақтау, заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сайлау процесіне қатысушылардың назарын сайлау алдындағы іс-шараларға қатысты келесі заңнама нормаларына аударамыз. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 20.01.2016 жылғы №3/83 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес ертең 2016 жылғы 20 ақпанда сайлау алдындағы үгіт басталады, ол 2016 жылғы 18 наурызда сағат 24-те аяқталады", - делінген үндеуде.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 20.01.2016 жылғы №3/82 қаулысымен бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау алдындағы үгіт 2016 жылғы 24 ақпанда басталады және 18 наурызда сағат 24-те аяқталады.
Сайлау алдындағы үгiт - бұл сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет ("Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 27-бабының 1-тармағы, бұдан әрі – Конституциялық заң).
Конституциялық заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгiт бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.Сайлау алдындағы үгiт заңнамада белгiленген тәртiппен және Конституциялық заңда тыйым салынбаған сайлау алдындағы жария iс-шаралар(сайлаушылармен жиналыстар және кездесулер, жария пікір таластар мен пiкiр алысулар, митингiлер, шерулер, демонстрациялар және өзге де жария іс-шаралар) арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте, Конституциялық заң бұқаралық ақпарат құралдарын кандидаттардың сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға, кандидаттың, саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға мiндеттейді.
Саяси партиялардың және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламаларында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс (Конституциялық заңның 29-бабы).
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызылғанын атап өтеміз. Сәйкесінше, Интернет желісіндегі сайлау алдындағы үгіт бұқаралық ақпарат құралдарына қойылған талаптарескеріле отырып жүргізілуі тиіс. Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi", - делінген ведомство хабарында.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні жариялауға жол берілмейдi.
Сайлау күнi дауыс берілетiн жайда қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.
Соңғы кезде сайлау науқаны барысында жекелеген тұлғалармен әртүрлі Интернет-ресурстарда онлайн-дауыс берулер(онлайн-сұрау салулар) ұйымдастыру және олардың нәтижелерін жариялау тәжірибеге алынғанын атап өту қажет.
Осындай әрекеттердеқоғамдық пікірге сұрау салудың барлық белгілері бар болғандықтаноларға Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағының жоғарыда мазмұндалған талаптары тең өлшемде таралады.
Жариялы сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу кезінде жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар болып табылатын қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерді білдіру орын алады.
Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.
Бұл Заң қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың денсаулықтары мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталуына байланысты жаппай жария шаралар алдын ала ескертіп, жергілікті атқарушы органдарының рұқсатымен арнайы белгіленген жерлерде көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiне нұқсан келтіретін бөгеттерді жоя отырып өткізілуі тиіс.
Осыны ескере отырып, жабық ғимараттардан тыс жерлердегі Конституциялық заңның 27-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жариялы сайлау алдындағы іс-шараларЗаңмен белгіленген тәртіпте өткізілуі тиіс.
Конституциялық заңның 27-бабының 9-тармағымен сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.
Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады.
Конституциялық заңның 27-бабының 1-тармағына сай шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттік органдар, шет елдердiң Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады(Конституциялық заңның 33-бабының 3-тармағы).
Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады.Кандидаттың, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияның, сондай-ақ оның сенiм бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тізімді тiркеу туралы шешімнің күшiн жоюға әкеп соғады(Конституциялық заңның 27-бабының 9-тармағы).
Конституциялық заңның 34-бабына сәйкес кандидаттың сайлау алдындағы үгiтiн қаржыландыру сайлау қорлары қаражатынан жүзеге асырылады.
Бұл ретте, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтары сайлау қорларының құралу көздері бола алмайды (тыйым салынады).
Сайлау науқанын сайлау қорларынан бөлек қаржыландыруға немесе кандидаттарға, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларға өзге материалдық көмек көрсетуге тыйым салынады.
Дегенмен, Конституциялық заңның 28-бабының 1-тармақшасына сәйкес Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы.
Дей тұрғанымен, кандидатқа, саяси партияға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда Конституциялық заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес оның осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келiсiмi болуға тиiс.
Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады (Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағы).
Сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, депутаттыққа кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрілген тұлғаларына сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру, кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, сайлау алдындағы үгiтті, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргiзу шарттарын бұзу, анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату, үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру, сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету, жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияға олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi, сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу, үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 11-тарауы).
Сайлау құқықтарын немесе сайлау комиссияларының жұмысын жүзеге асыруына кедергi жасау, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 150, 274-баптары).
Жоғарыда келтірілген заңнама нормаларын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы барлық жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау процесі барысында, соның ішінде сайлау алдындағы үгітті немесе жарияіс-шараларды заңсыз өткізуге жол бермеу бөлігінде заңдылықты мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Дерек көзі: tengrinews.kz