Астанада жоғалып кеткен студенттің анасы мәлімдеме жасады
2016 ж. 10 ақпан
7233
0
Жақында Елордада жоғалған Астана Медициналық университетінің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіровтің анасы ұлын ұрлап кеткен болуы мүмкін деген күдікпен, оны ұрлаған жандарға арнап мәлімдеме жасады. Бұл туралы жігітті іздеуге арналған Инстаграмдағы ресми парақшада хабарланды.
"Оны біреу ұстап тұрса, егер ол сіздерге қарыз болса, онда ол шағым жазбайды. Ол қарызды қайтарып, Ерасылдың барлық уәдесін орындайды", - бұл Ерасылдың анасымен жүргізілген 20 минуттық әңгіменің үзіндісі. Инстаграмдағы арнайы парақшаға парақшаның әкімшісі осылай деп жазған.
Ана ұлының тірі екеніне үлкен үміт артып отыр.
Еске сала кетейік, Ерасыл Әубәкіров 3 ақпаннан бастап туыстарымен және жақындарымен байланысқа шықпаған. Ол үстіне қошқыл-көк түсті қысқы күрте, қоңыр түсті құлақшын киген. Бойы шамамен - 175-180. Салмағы 70-75 келі.
Ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса: 8 747 024 81 29 (Ерасылдың әкесі) және 8 707 143 94 25 (Диас Жұмаділов - жоғалғанның досы) телефондарына хабарласуды сұрайды.