Бауыржан Байбек: Түркиядан гөрі Алматыда демалған әлдеқайда арзан

baibek

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түркиядан гөрі Алматыда демалғанның әлдеқайда арзан түсетінін айтты.

 Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.
«Жыл сайын шамамен 450 мың алматылық Түркияга демалуға кетеді екен. Біз ақшамызды сол жаққа беріп жатырмыз. Биыл көбісі Шымбұлақ пен Медеуге барғанды жөн көріпті. Өйткені, мұндағы жағдай да жақсы, ешқайда кетудің қажеті жоқ», - деді Байбек Алматыдағы жыл сайынғы кәсіпкерлер конференциясында. Әкімнің айтуынша, шетелде демалғаннан гөрі Алматыда демалған арзанырақ екен.
 Дереккөз: КазТАГ