“СЕН КІМСІҢ ПАРТИЯ ШЕШІМІМЕН КЕЛІСПЕЙТІН?”
2016 ж. 08 ақпан
5201
5
Қазақтың біртуар ері Жұмабек Тәшенов болмағанда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан Қазақстанның айырылып қалу қаупі төніп тұрған еді! Тек Қарағанды облысының Осакаровка ауданынан әрі қарай ғана Қазақтың жері болады деп те белгіленіп қойған екен...
-"Сен кімсің партияның шешімімен келіспейтін? Қазақстанның бес облысын Ресейге қосамыз. Болды",-деп Хрущеев столды ұрғылады. - Конституция бойынша Қазақ елінің жерін бөлу тұрмақ, күн тәртібіне қою қателік,-деп Тәшенов қарсы жауап қатты. -Тәшенов жолдас, керек болса сенің келісіміңсіз бюроның ұйғарымымен қоса саламыз. Түсіндің бе? - Онда Біріккен Ұлттар Ұйымына шағынамын. Керек болса ГААГА сотына беріп, әлем алдында беделіңізді түсіремін,-деді Тәшенов.
Кектенген Хрущеев сол жиналыстан кейін Қонаевты шақырып алып "Тәшеновті қызметінен алыңыз"-деп тапсырма берді. Елге келген Қонаев бюро отырысында Асанбай Асқаров пен Хасан Бектұрғановқа Тәшеновті "дөрекі" деп жамандап баяндама жасаттырып, арысты орнынан алып тынды. Сол Бектұрғановты ізіне ертіп, қызметін өсірткен Тәшенов болатын. "Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қапты"-демекші, кейін 5 ай үйде жұмыссыз отырған Тәшенов Шымкентке кішігірім қызметке тұрғанда, Бектұрғанов іздеп барған. Тәшеновтің көмекшісі Бектұрғановты Жұмекеңе кіргізбей қойыпты. "Айтарыңызды айттыңыз бюро отырысында, енді не бетіңізбен келіп тұрсыз, Жұмабек Ахметұлына"- деп қабылдау бөлмесінің босағасынан қайтарған. Тәшеновтің ерлігі елге паш етіле бастағанда Асанбай Асқаров та кешірім сұрай келіпті. "Маған тапсырма сондай болып еді" деп.
Қазақтың біртуар ері Жұмабек Тәшенов болмағанда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан Қазақстанның айырылып қалу қаупі төніп тұрған еді! Тек Қарағанды облысының Осакаровка ауданынан әрі қарай ғана Қазақтың жері болады деп те белгіленіп қойған екен...
Жұмабек Тәшенов өмірінің бір сәтінен, ұлы Саян Тәшеновтің естелігі
qazaquni.kz