Әйел еркекті зорлады дегенді әлі естіген жоқпын!

Расы керек, оқиғаның 80 % еркектер кінәлі...

photo_59656

Сайтымызда жарияланған "Көңілдестерін бопсалауды қазақ қыздары да әдетке айналдыра бастады" деген тақырыптағы мақалаға пікір жазған өзін "С" деп көрсеткен оқырманның жазбасы баршаңызға ой салар деген үміттеміз. Сол себепті де қаз-қалпында жеке жариялауды жөн көрдік.

qazaquni.kz

"Әсіресе, тіптен жас қыздарға обал. Жанына жара салып, болашағына балта шаппай ма. Оң-солын білетін келіншектерге де, егде әйелдерге де обал. Расы керек, оқиғаның 80 % еркектер кінәлі. Бір әйел еркекті зорлап кетіпті дегенді әлі естіген жоқпын. Ал бопсалаушы қырқындар бақытсыз топтағы біреулер ғой. Ал жала жапқыш зорлықшылдарды анықтау қиын емес: қайта шақырып, қоя беріп, тағы шақырып бірнеше рет сұрақ қойғанда шатасып, өтірігі ашылып қалады. Қашаннан бері біледі, не деді, не сыйлады, қайда барды, не киді, не ішті… Таныстарынан сұрастыру да қажет. Бәрі белгілі нәрсе. Тек соны жасырушылар мен өзгенің тірлігіне селт етпейтін безбүйректер, парақорлар кінәлі. Өз басына түспей сезбейді. Қыздар бұзылған жоқ! Ал егер керден кеткісі келетін қыздар болса оларды түзу жолға салу оңай - ақылмен, бопсалаумен, дәріспен, жұдырықпен, ақша бермеу т.б. жазалармен. Есті қыз тез ұғады. Ал еркексымақтарды тек ұрып қана тәубеге келтіруге болады. Ұрып және тым мол айыппұл салып. Сонда азғындыққа бармайды." - депті оқырман өз пікірінде

qazaquni.kz