Өзіне қарамаған қыздың машинасын өртеп жіберді
2016 ж. 02 ақпан
2104
0
Өскеменде жас жігіт өзіне тұрмысқа шығуға қарсы болған сүйіктісінің автомобилін өртеп жіберді, - деп хабарлайды Yk-news.kz.
18 жастағы жігіттің Өскеменге Алматыдан бұрынғы қызымен ара қатынасын жақсарту мақсатында барғаны анықталды. Дегенмен қыз бұл кезде басқа жігітпен кездесе бастайды. Жігіт бұрынғы сүйіктісінің өзіне тұрмысқа шығуына қарсы болғаны үшін кек алуды ұйғарған.
Басылымның мәліметінше, жас жігіт қыз тұратын үйдің ауласына келеді. Ол өзімен бірге бензин толы пластик бөтелке ала келген. Жігіт осыдан кейін қызға тиесілі Skoda Yeti автомобиліне бензинді құйып, өртеп жібереді. Өрт жақын маңда тұрған Lada автомобилін де шарпыды. Шығын көлемінің 5 миллион теңге болғаны анықталды.
Айта кетейік, жас жігіт бұған дейін кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша сот қаулысымен ұрлық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген екен. Өскеменнің №2 соты оны енді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеді. Сот қаулысы әзірше күшіне енген жоқ.
Дерек көзі: Yk-news.kz