Қазақстан азаматтары испан тілін білуге міндетті болған ба?!.

“Қазақстан Теміржолы” Ұлттық компаниясы ағылшын және испан тілін білмейтін теміржолшыларды жұмыстан қысқартып жатыр, - деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

тальго

Бұл туралы Facebook желісіне экономика министрінің кеңесшісі әрі бұрыңғы баспасөз жетекшісі Фарида Батырбаева жазды.

Аталған хаттың үзіндісі өзінен көмек сұраған бұрынғы теміржолшыдан келген және аты жөні де жазылмаған.

«Мен “Тұлпар-Тальгода” жұмыс істегенмін. Зауыттың  51 % акциясын испандықтар сатып алғалы, жұмысшылардан маза кетті. Кімде-кім испан немесе ағылшын тілін білмесе мәжбүрлі түрде жұмыстан шығарып жатыр. Басым көпшілігіне жұмыстан босау туралы өтініш жаздырып, өтемақы берді. Оның ішінде мен де бармын. Дегенмен де, мен үшін және Қазақстан үшін бұл жайт өкінішті. Неге қазақтар өз елінде тіл білмегені үшін жұмыстан босап, орнына испандықтар келуі тиіс? Мұнда тек қарапайым жұмыскер ғана емес, білікті мамандар да далада қалды. Ал, жаңа орынға жайғасқан испандықтар онда неге қазақ, орыс тілдерін білмейді? Мен Қазақстанда тұрып не үшін испан және ағылшын тілінде сөйлеуім керек? », – деп арызын білдірген.

Аталған хаттың көшірмесін Фарида Батырбаева осы іске жауапты министрлердің блогына салғанын айтады.