Кулагиннің ұлы тағы да аудан әкімі болып тағайындалды
2015 ж. 24 қараша
2869
1
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкім аппараттарына жаңа әкімдерді таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.
Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының жаңа әкімдері қызметіне ұсынылған Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев пен Павел Сергеевич Кулагиннің кандидатураларын бірауыздан қолдады.
Бөлекпаев бұған дейін Сарыарқа ауданының әкімі қызметін, оған дейін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жүйесінде, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Агенттіктің аумақтық басқармаларында басшы, Астана қаласы Тәртіптік кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. Кулагин бұған дейін Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, "Алматы" ауданының әкімі қызметтерін атқарған. Жақсыбеков сондай-ақ, аудандық әкімдіктер ұжымдарына алдағы кезеңге міндеттерді белгілеп берді.