Дүние-мүкәмәлі 3,3 млрд долларға бағаланатын Машкевич 3 миллион қазақты қырған Голощекиннің жиені екен. Бұл туралы журналист Нұрлыбек Саматұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған.
Нұрлыбек Саматұлы бұл деректі Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты» атты кітабында жазылғанын көрсетіпті.
...Қазақстандағы ірі өндіріс орындарын жеке меншігіне өткізіп алған алпауыт Александр Антонович Машкевич мырза қазақты аштан қырған Шая Голощекиннің (Фили́пп Исааевич) туған жиені екенін қазір көп адамдар біле бермейді.
(Кітап "Ашаршылық ақиқаты", құрастырушы Сағат Жүсіп, 204-бет).
Сондай-ақ аталған кітапта Голощекиннің ГОМОСЕКСУАЛЬИСТ болғаны да жазылған.
...Голощекинмен жақын дос болған Ежов 1939 жылы тергеу барысында былай деп жазып берген: "Голощекин Ф.И. - приехал он холостяком, без жены, я тоже жил на холостяцком положении... До своего отъезда в Москву я фактически переселился к нему на квартиру и там часто ночевал. С ним у меня также вскоре установилась педерастическая связь, которая периодически продолжалась до моего отъезда."
Кітап "Ашаршылық ақиқаты", құрастырушы Сағат Жүсіп, 203-бет.
Голощекин қазаққа не істеді?
Тарихқа үңілейікші. Мәскеу билігі 1925 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Филипп Исаевич (Шая Ицкович) Голощекинді жіберді. Сол жылдары малының басы 40 миллионға жететін. Ал, 1933 жылы сол малдың саны 4 миллионға әзер жеткен.
Осының салдарынан еліміз жаппай аштыққа ұрынып, халқымыздың тең жарымы, яғни 2 миллион 500 мыңға жуық адамы қаза болды. Кейбір зерттеушілер аштан қырылғандар 3 миллионнан да асып түседі дегенді айтады.
Машкевич ше?
Машкевич еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ байлығын сүлікше сорды. Ол ірі компанияларды жекелікке шығарып алып, аз уақыттың ішінде әлемнің ең ірі байларының біріне айналды. Біздің елде қос азаматтық алуға заңмен тыйым салынса да, ол Қазақстанның да, Израильдің де азаматы болып алды. Машкевичтің байлығының бір ғана мысалын келтірейік. Ол Тель-Авивтегі Ха-Яркон көшесіндегі үйдің 21-қабатын 31 млн долларға сатып алған. Бұл ғимарат еврейлердің бас қаласындағы елге танымал David InterContinental қонақ үйінің қасында екен. Негізі Sea One деп аталатын элиталық тұрғын үйдің бұл қабатында 6 пәтер болуы тиіс екен, бірақ Машкевич оның орнына 1000 шаршы метрлік пентхаус жасатып алған.
«Форбс» журналы 2010 жылдың наурыз айында Машкевичтің байлығы 3,3 млрд долларға бағаланып, әлем бойынша байлығы жағынан 287 орынға шыққанын жазыпты.
Материалды итернеттегі мәліметтер арқылы дайындаған Шәріпхан Қайсар
Abai kz
МАШКЕВИЧ – ГОЛОЩЕКИННІҢ ЖИЕНІ...
2015 ж. 27 қазан
5814
6