Илья Ильин анасын қазақ тілінде құттықтады
2015 ж. 21 қазан
3332
4
Ауыр атлетикадан сан мәрте жеңімпаз атанып жүрген қазақстандық танымал спортшы Илья Ильин өзінің анасын туған күнімен қазақ тілінде құттықтады, деп жазады NUR.KZ.
Спортшы құттықтау сөздерін Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.
«Өз үйім, өлең төсегім» деген. Үйде түн ұйқысын төрт бөліп, аялы алақанымен әлпештеп өсірген анашым әрқашан мен үшін алаңдап, уайымдап отырады. Өйткені біз қанша ұлы болсақта, аналар үшін әрқашан бала боп қала береміз. Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды. Анашым мен сені өте қатты жақсы көремін», — деп жазды спортшы өз парақшасында.
Осы арқылы спортшы анасына да, Отанына деген де махаббатын көрсеткісі келген.