Алматыдағы тағы бір аурухана көпшіліктің жағасын ұстатты (фото)
2015 ж. 19 қыркүйек
5146
2
19 қыркүйек
Алматыда санитарлық жағдайы талапқа сай келмейтін тағы бір аурухана табылды.
Бұл туралы танымал тележүргізуші Аман Тасыған Facebook желісіндегі жазбасында айтты. “Сұмдық. Бiрақ, шындық. Мына аурухананын iшiнде сау адам ауруға айналары анық. Iшiнде дертiне дауа iздеген халык. Сырты бүтiн, iшi түтін. Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбек мырза кеше ғана бiр емхананың жазасын берген едi, осы жазба назарына iлiнiп жатса бұл iстi де бiр жағына шығарар деп сенемiз”, – деп жазады тележүргізуші. Суреттерден Алматыдағы Ақсай балалар емханасының тозығы жетіп, санитарлық жағдайдың сақталмағанын көруге болады. Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек санитарлық талаптарды сақтамаған қалалық балалар ауруханасының басшысын қызметтен қуған болатын.Заметили ошибку на сайте? Нажмите Ctrl+Enter
Дереккөз: NUR.KZ