Жұрт жол салу үшін жерлерін алмақ болған шенеуніктермен төбелесе жаздады
2015 ж. 15 қыркүйек
1897
1
15 қыркүйек
Шымкентте жұрт жерлері үшін шенеуніктермен төбелесіп қала жаздады. Өйткені, жоба бойынша Ынтымақ ықшамауданындағы 70 шақты үйдің аумағы арқылы ені 35 метрлік жол салынбақшы деп хабарлайды КТК арнасы.
Одан бөлек жолдың екі жағында 4 жарым метрден гүлзар болуы керек екен. Бұл туралы ескерту алған жұрт көшеге плакаттармен шықты. Жылдар бойы дұрыс жолды армандаған Ынтымақ ықшамауданының тұрғындары енді осы жол үшін дүрлігіп, плакат алып шықты. Себебі, көше бойымен үлкен жол төселетіні туралы әкімдіктен ескерту қағазы келіпті. Осы мақсатта 69 үйден 3 және 7 метр аралығында жер алынады делінген. “Біз жолға қарсы емеспіз. Бірақ та біздің қарсылығымыз 2 жолдың екі жағында 4 те 65 метр бір газон, оның аржағында тротуар. Екінші жағында тағы тағы 4.65 газон. Аржағында тағы 2.25 тротуар. Сонда соның арасында біздің үйлеріміз кетіп жатыр. Біреудің үйі кетіп жатыр. Біреудің дүкені, біреудің ұстаханасы кетіп жатыр”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Нұрғали Қамбаров. Жұрт Ынтымақ ықшамауданына 2006 жылдан қоныстана бастаған. Өздері газ жүргізіп, өз есебінен жарықты да кіргізген. Бәрінің қолында құжаттары түгел. Талай барып, кездесе алмай жүрген шенеуніктер өздері келді. Дүрліккен жұрт оларды түтіп жей жаздады. Жұрт дүрсе қоя берген соң әуелі жібімей тұрған шенеуніктер соңынан жол жобасын қайта қараймыз деп құтылды.Дереккөз: КТК