Дариға Назарбаеваның вице-премьер қызметіне тағайындалуы барынша сараланған қадам
2015 ж. 14 қыркүйек
2703
15
Президенттің баспасөз хатшысы Дариға Назарбаеваның вице-премьерлікке тағайындалуына қатысты түсініктеме берді
14 қыркүйек
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Дариға Назарбаеваның вице-премьер қызметіне тағайындалуы барынша сараланған қадам екенін алға тартты.
Бұл туралы “Новости-Казахстан” агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZхабарлайды. Жұма күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қызы Дариға Назарбаеваны еліміздің премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындады. “Мемлекет басшысы кадрлық тағайындаулар мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ол әрбір шешімін жан-жақты саралап, үміткердің қызметіндегі жетістіктеріне зор мән береді. Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген фактілерге мән беріп, тапсырманы орындау сапасы мен мақсаттарға жете білу қабілетін ескереді”, – деп агенттік тілшісіне жауап берді Абаев. “Бұл шешім де жан-жақты сараланды. Тағайындау премьер-министр Кәрім Мәсімовтың ұсынысымен жасалды”, – дейді Абаев. Президенттің баспасөз хатшысы Дариға Назарбаеваның палата вице-спикері болған кезінде “өзін тиімді парламентарий” ретінде көрсете алғанын алға тартты. “Дариға Нұрсұлтанқызы әлеуметтік саланы жақсы біледі. Өзін тиімді парламентарий ретінде көрсете алды. Және ол бүгінде 100 нақты қадам бойынша Ұлт жоспарын жүзеге асыруға атсалысуда. Оның тағайындалуы меритократиялық қағидаларға сай келеді деп санаймын”, – дейді Абаев. Абаев Назарбаеваның парламенттен кетуі заң шығарушы органның жұмысына кері әсер етеді деп санамайды. “Мен олай бола қоймайтынына толықтай сенімдімін. Парламент жұмысы – бұл өз тәртібінде жұмысын жалғастыра беретін реттелген механизм. Депутаттарға көп жұмыс тындыру керек”, – дейді хатшы. Вице-премьер болып тағайындалғанға дейін Дариға Назарбаева парламент мәжілісінің вице-спикері қызметін атқарған. Ол, сонымен қатар “Бөбек” қайырымдылық қорының вице-президенті, “Асар” партиясының көшбасшысы, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде төрайым қызметтерін атқарған.Дереккөз: NUR.KZ