Б. Сапарбаев: Қазақ хандығының 550 жылдығы дұрыс тойланбаса, Жамбыл облысы әкімінің “басы кетеді”
2015 ж. 30 шілде
5608
4
Бұл туралы rgmedia.kz хабарлайды.
Қыркүйек айында Тараз қаласында аталып өтедi деп жоспарланған Қазақ хандығының 550 жылдығы қазанға ауыстырылды. Тойдың шегерілуіне дайындық жұмыстарының аяқталмауы себеп болған.
Ендi ел күткендей тойдың түңлiгi Таразда түрiлмейдi, 11 қыркүйекте Астанада мерейтойға қатысты ғылыми-теориялық конференциядан бастау алмақ. Ол мәдени, мерекелiк iс-шараларға ұласады. Арада бiршама үзiлiс болып, бұл той 9-10 қазанда Таразда жалғасады.
“Мемлекет басшысының өзi тiкелей қадағалауына алған мұндай аса жауапты iс-шараны лайықты деңгейде дүркiретiп тұрып атап өту атқарушы билiктегiлерге, әсiресе, Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкiрекбаев үшiн үлкен сын. Егер дайындық өз дәрежесiнде жүзеге аспаса, Көкiрекбаевтың “басы кетедi”. Бұл бiздiң сөзiмiз емес, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту үшiн президенттiң тапсырмасымен құрылған республикалық комиссияның төрағасы, Үкiмет жетекшiсiнiң орынбасары Бердiбек Сапарбаевтың сөзі”, – деп жазады басылым.
“Бердібек Сапарбаев осыдан бiр ай бұрын да той дайындығына байланысты Таразда жиын өткiзген болатын. Сол жолы жамбылдық шенеунiктердiң жайбасарлығына ептеп қынжылған. Бұл жолы да тым уақыттың аз қалғанын, күн демей, түн демей жұмыс iстеу қажеттiгiн қайта-қайта ескертумен болды. Ұшақтан түскен бойда әуежайдағы күрделi жөндеу жұмыстарымен танысты”, – делінген мақалада.
Ал облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев болса, ” Жұмысшыларды екi ауысыммен iстетемiз. Тәулiгiне 24-25 сағат жұмыс iстейтiн боламыз”, – деп ақталған.
“Сапарбаев осы жиында “тас түскен жерiне ауыр” деген мәтелдi бiр емес, екi қайтара ауызға алды. Мұның не мағына беретiнi түсiнiктi. “Басы кетiп қалмауына” жатпай-тұрмай бас ауыртуы тиiс Кәрiм Көкiрекбаев иығына түскен тастың ауырлығын қаншалықты көтере алады?”, – деп жазады мақала авторы.
Дереккөз: Nur.kz