БОЗЫМБАЕВТЫ БОПСАЛАУШЫЛАР ӘШКЕРЕ БОЛУДА…

Дәл қазір өңір зиялылары Қанат Алдабергенұлына қолдау көрсетуі керек, одан шет қалуға моральдық құқымыз жоқ!

bozymbaev golyshkin   Қанат Бозымбаев Павлодар облысының басшылығына 2013 жылдың соңында экс-әкім Ерлан Арын  істі болып, өңірдегі саяси күштер екіге жарылып, бір-бірімен текетіреске түскен аса күрделі кезеңде келді. Патшашыл-кеңесшіл топ  Қанат Алдабергенұлын   «ұлтшыл» Ерлан Мұхтарұлын   құртатын  тегеуірінді әкім ретінде қабылдады және  сол мақсатқа барынша пайдалануды көздеді. Бұлардың мүддесі жергілікті тәуелсіз орыстілді басылымдардан, республикалық «Рател кз», «Время», «Нұр кз» тәрізді порталдардан айқын аңғарылды. Жергілікті журналист-«криминалистер» Ольга Воронько, Джамиля Маричева, Ярослав Голышкиндер экс-әкімге қарсы материалдарды үсті-үстіне боратып, сот үкімі шықпай тұрып-ақ оны құбыжық  кейпіне кіргізді! Қ. А. Бозымбаев -  тәжірибелі технократ, мықты экономист, білікті қаржыгер, бірақ идеолог емес. Осы себепті шығар,  облыстың экономика саласын өзі қолға алып,  идеология саласын  тиісті жауапты тұлғаларға тапсырды. Әкім сенім артқан  шенеуніктер  кімдер еді? Идеология бойынша орынбасары Арын Орсариев  orsarievбілімді азамат, бір кемшілігі – орыстілді,  орысша ойлайды, орыстілді ортаның көңіліне қарайлады. Оның осы осалдығын шовинистік, нигилистік пиғылдағы белсенділер өз пайдасына жарата білді… Облыс ішкі саясат басқармасының басшысы Бауыржан Капенов       патшашыл-кеңесшіл топ «нацпат» деп ат байлап, айдар таққан қазақ зиялыларына кірпідей жиырылады. kapenov Керісінше, орыстілді белсенділерге мырзалық танытты.  Мәселен, өткен жылы «Невада-Семей» қозғалысының   мерейтойлық медалын өзімен достық қарым-қатынастағы   Юрий Павленкоға,  т.б. бергізді,  шенеунік басымен  өзі де иеленді!..  Сөйтіп,  Б. Капенов  мемлекеттік қызмет әдебі мен ар-намыс кодексін «қонышынан»  бір-ақ басып,  қозғалыстың нағыз белсенділерін лақтырып кетті! «Құқыққорғаушы» кейпіне енген  атышулы Ю. Павленконы   жақсы білеміз:   оның 1990 жылдары «Славия» қозғалысының белсендісі ретінде Ермак қаласының атауы мен атаманның  мүсінін қорғап  қалу үшін күрескені,  Павлодардағы Тургенов көшесі атауын Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың атына өзгертуге табанды қарсылық көрсеткені,  бертін  ҚХКП облыстық филиалының белді өкілі ретінде  коммунистік идеологияны жүргізуге белсене атсалысқаны - жадымызда... Қанат Бозымбаевтың Тараздан өзімен бірге ала келген баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов  jaldinov экс-әкімді БАҚ-та барынша қара бояумен көрсеткен О. Воронько мен Д. Маричеваға астыртын қолдау көрсетіп, көтермелегені байқалды... Идеология  босаңсыған өңірде экономика  тастай болушы ма еді?..  Осы саланы Қанат Бозымбаевтың өзі қолға алғанымен, алаңсыз жұмыс істеуіне  қолайлы жағдай  орнамады. Экс-әкімді «қара есекке теріс мінгізіп» жіберген  «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин және басқалар енді Қ. А. Бозымбаевтың өзін бопсалауға көшті! «Әкімнің ұлы қыз зорлағаны жайында бейнематериалымыз бар, 500 мың доллар (!)   бермесе, ұлын абақтыға қаматып, өзін отставкаға жібертеміз!!!»  деген сыңайда хабар салған.   Бірақ әкім мықтылығын танытып, бопсалаушылардың  өздеріне қарсы әрекет жасады, іле Нұржан Нұрбаев пен Ярослав Голышкиннің  үстінен қылмыстық іс ашылып, екеуі де тұтқынға алынды. Басқаларының іс-әрекеттері тексерілуде. Қ.А. Бозымбаев сөйте тұра, қызмет құзіретін пайдалану арқылы құқыққорғау органдарына ықпал етуге әрекеттенген  жоқ. Керісінше, заңды құрметтейтінін танытып, тергеу амалдарының қорытындысын күтіп отыр. Осы  оқиға       «Central Asia Monitor» порталында ( «Бандитский Павлодар»), «Жас Алаш» газетінде («Бозымбаевты бопсалағандардың қатары көбеюі мүмкін»)  жан-жақты баяндалған. Енді сот үкімін күтеміз, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері тиісті жазасын алады деген үміттеміз. Айта кететін бір жайт, Ерлан Арынның тағдырына  араша түскен  жергілікті шығармашылық адамдары,  ғалымдар, тіл жанашырлары тобы  бастапқыда Қанат Алдабергенұлына  бір күдік, бір үмітпен зер салып, назарын өңірдегі ұлттық проблемаларға бұруды көздеді. Тіпті сынауға дейін барды. Бұл жағдай  негізінен қазақтілді басылымдардан көрініс тапты. Дегенмен, әкім  ұлттық мұрат-мүддеге мүлде мойын бұрмады деуден аулақпыз. Өзі қазақ тілінде жатық сөйлемесе де,   ресми жиналыстарды қазақша жүргізуге мән берді, ұлты қазақ лауазымды тұлғалардан қазақ тілінде сөйлеуін талап етті! Бұл орайдағы батылдығы, тіпті, Ерлан Мұхтарұлынан асып түсті! sadibekov  Егер жергілікті қазақ зиялыларымен кездесіп, ұлттық мұрат-мүддеден туындаған проблемаларды бірге талқыласа, өз ұсынысын айтса, солардың құрметіне бөленіп, есімі айрықша әспеттелер еді! Мұндай кездесулерді идеология бойынша қазіргі орынбасары Ғани Сәдібеков ойдағыдай ұйымдастырып жүр. Қалай десек те, кеңестік Т-34 танкісі, Аймауытов ескерткіші, «Россия» қонақ үйінің қирандысы, облыстың логотип таңбасы, патшазада Романовтың 155 жылдығы төңірегіндегі даулы мәселелер Қанат Бозымбаевтың  арқасында  қазақ зиялыларының пайдасына шешілді! Рас,   Бауыржан Капеновтың теріс  қылықтары жөніндегі Ашық хатыма жауап берген жоқ.  Сол шақта  көңілге кірбің түскенімен,  Қанат Алдабергенұлы облыста кімнің кім екенін енді ғана біле бастады ғой деген оймен өзімді-өзім жұбатамын. Әйтсе де, Павлодарда   ұлттық мәселелер бойынша кез келген уақытта дау туындауы әбден ықтимал деген ойдамын. Өйткені, қаланың әкімінен бастап, орынбасарлары да, бөлім меңгерушілері де жаңадан келгендер. Қалада кімнің кім екенін жетік білмейді. Бұрын әкімнің орынбасары болып істеген Айым Қанафина тәрізді тәжірибелі, мықты идеологты көре алмай тұрмын. ..Министрлер, әкімдер дау-дамайға ұрынып жатқан қазіргі кезеңде облысты басқару оңай емес екенін түсінеміз. Енді Қанат Алдабергенұлы қазақ зиялыларына  сенім артса болады.   Ал баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов көтермелеген, Ерлан Арынды өршелене сынаған Ольга Воронько мен Джамиля Маричева дәл солай Ярослав Голышкинді сынауға құлықсыз сияқты... Әкелі-балалы Василий мен Ярослав Голышкиндердің иелігіндегі "Версия" газеті редакциясы тіпті мектеп мұғалімдерінің де беделдеріне нұсқан келтіретін материалдар жариялап, өздеріне қоқан-лоқы көрсетсе де, мұны  орыстілді басылымдар тігісін жатқызып баяндауға тырысуда! Әйтеуір, Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетініде (№67, 23 маусым, 2015 жыл) осы оқиға жөнінде қысқа да нұсқа ақпарат берілді. Дәл қазіргі осындай жағдайда  қазақ зиялылары Қанат Алдабергенұлына қолдау көрсетуі керек! Өйткені, облыс әкімі мен оны бопсалаушы қылмыстық топтың тартысына немқұрайдылық көрсету зиялы қауымға жараспайтын қылық. Оқиға біздің өңірде орын алып отырғандықтан, одан шет қалуға моральдық құқымыз жоқ!

qani  Арман ҚАНИ,

  Павлодар қаласы

  "Қазақ үні" газеті

  qazaquni.kz