Елу жастан асқан еркек Гауһар Әлімбековаға сырға салмақ...
2015 ж. 19 маусым
10246
1
Шымкент қаласының тұрғыны Алмабек Тәшімбетов танымал әнші Гауһар Әлімбековаға үйленгісі келетінін айтты.
Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды. Алғашқы некедегі әйелі ауыр науқастан көз жұмған соң ол жалғыз жүре беруден жалығып, өзіне жар іздей бастапты. Бір қызығы, Алмабек өзіне жар еткісі келетін жанды іштей таңдап қойған. Тек онымен тікелей байланысудың ретін таппай жүрген көрінеді. «Мен өзім Шымкенттегі «Самал» мөлтекауданында тұрамын. Төрт ұл тәрбиелеп отырмын. Ұлдарымның бәрі аяқтанған. Келінім де бар жағдайымды жасап отыр. Бірақ бәрібір сырыңды айтатын, кейде шүйіркелесіп отырып шай ішетін жан жарыңның болмағаны қиын екен. Жалғыздық менің жаныма қатты батып жүр», — дейді Тәшімбетов. Алмабек Тәшімбетов осыдан біраз уақыт бұрын теледидардан әнші, сазгер Гауһар Әлімбекованың сұхбатын көрген. «Ол қыз әлі күнге дейін тұрмысқа шықпаған екен. Кейін өзінің жеке концертінен де әзіл-шыны аралас жалғыздықтан жабырқап, өзіне адал жар болатын жанды іздеп жүргенін білдірді. Содан бері менде маза жоқ. Гауһар ханыммен кездесіп, оған деген көңілімді білдірсем деген арман пайда болды», — дейді тұрғын. Алмабек жары өмірден өткен соң өзі секілді басы бос бірнеше әйелмен сөйлесіп, араласып көргенін де жасырмады. Алайда оған олардың бірде-біреуі ұнамапты. Айтуынша, жүрегі қаламаған. Ал өзі Гауһар Әлімбекованың әндерін әу бастан сүйіп тыңдайды екен.Источник: Nur.kz